Сұрақ-жауап

Бастапқы бетке өту

question-mark-yellow-circle

Сұрақтарыңызды осы жерге қоя аласыздар!

(880 рет қаралды, бүгін 1 рет)

8 пікір

Пікір жазу
  1. Arai
    Arai 20 Шілде, 2015, 15:37

    Сәлеметсіздер ме?

    Менің көкейімде жүрген сауалым бар еді. Қазіргі таңда алғыс хат сөзі бірде бөлек, бірде бірге жазылады. Қайсы нұсқасы дұрыс?

    • Молдир Касымова
      Молдир Касымова 20 Шілде, 2015, 15:46

      Құрметті Арай, сауалыңыз орынды. 2013 жылы жарық көрген «Орфографиялық сөздікте» алғысхат сөзі бірге жазылған. Сондықтан сөздікке сүйенгеніңіз дұрыс.

  2. Aizhan Bakishova
    Aizhan Bakishova 2 Маусым, 2016, 13:22

    Сәлеметсіздер ме! Сіздерде қазақ тілінің корректорлары мен редакторларына арналған анықтамалықтар бар ма? Немесе соған қатысты нұсқаулықтар, кітаптар? Рақмет!

  3. Сая Тойбаева
    Сая Тойбаева 7 Қазан, 2016, 15:00

    Сәлеметсіздер ме, менің сұрайын дегенім мемлекеттік тілдегі құжаттарда даталарды жазу тәртібін толығырақ түсіндірсеңіздер, өйткені кейбір жердерде датаны араб цифрымен жазғанда 2016.10.11 деп керісінше жазылып жүр, бұл дұрыс па?
    мысалы:
    Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10129 тіркелді

    23………………
    Құжаттың күні араб санымен келесі дәйектілікпен – жыл, айдың күні, ай. Айдың күні мен ай жұп араб санымен нүкте арқылы бөлініп, жыл төрт араб санымен рәсімделеді.     Күнді сөз-сан тәсілімен жазу нормативтік құқықтық, құқықтық актілерде, хаттамаларда, банктік және қаржылық құжаттарда, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін анықтайтын құжаттарда, нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда қолданылады және «2014 жылғы 05 сәуір» деп рәсімделеді.

  4. Айгул Шамуратова
    Айгул Шамуратова 19 Мамыр, 2017, 16:35

    реквизит сөзі реквизит болып қалама, әлде деректеме дұрыс па?

    опись № 1 дел деген сөз қалай аударылғаны дұрыс тізімдеме №1 іс деген дұрыс болама

  5. Asqar Akhmetuly
    Asqar Akhmetuly 13 Желтоқсан, 2017, 14:39

    Қайырлы күн! Латын әліпбиі бектілгеннен бері, әр түрлі ақпарат көздерінен түрлі хабарлар оқып жатамыз, бір жерде апробация осы жылдың соңына дейін бітуге тиіс екен дейді, басқа жерлерде жаңа емле ережесі жасалады екен, соған сай әліпби өзгертіледі екен дейді. менің білгім келгені, бүгінгі күнде Ұлттық комиссия қандай жұмыс бітіріп жатыр, қандай жаңалықтары, өзгертулері мен толықтырулары бар? Мына жақта біздер не болады екен, қалай болады екен деп, ресми ақпарат күтіп отырамыз. Сондықтан, ұлттық комиссияның жеке сайты неге ашылмайды, сол жерде жасалып жатқан жұмыстар неге шығарылып отырмайды, талқылайтын мәселе болса, сол сайт арқылы халықтың талқысына неге шығарылмайды. Осы сияқты халықтың талқысына шығарылатын ашық алаң болмаса, халықтың пікірін қалай білесіздер? Бірінші нұсқаға халық қарсы болды, екінші дәйекшелі нұсқаны халық қолдады деген пайымдауды қайдан алдыңыздар, халық дәйекшені қашан қолдады, қалайша қолдады, бұл жағы бізге белгісіз.Сондықтан, Сіздерге ұсыныс – нағыз демократиялық түрде, мемлекеттік маңызы бар мәселені халық болып шешейік десек, баршаның қолы жетімді «ашық алаң» құрыңыздар. Сол жерге өз жоспарларыңызы, жасаған жұмыстарыңыздың нәтижелерін шығарып отырыңыздар. Рахмет.

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.