Тіл сақшысы

Бастапқы бетке өту

Тіл жанашырлары Осакаровкада

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов» атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Осакаровка кентінде мемлекеттік тілді дамытуды насихаттауға бағытталған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Толығырақ оқу

Тіл жанашырлары төрге озды

Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлестері үшін берілетін облыс әкімінің дәстүрлі «Тіл жанашыры» сыйлығының марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Ана тілдің абыройын көтеруді мақсат еткен бұл байқау зияткерлер, қоғам қайраткерлері, мем­ле­кет­тік және азаматтық қыз­мет­кер­лер, бизнес және бұқара­лық ақ­па­рат құралдары өкіл­дері,

Толығырақ оқу

«Шылпылдақтар аталық», «белбеу әйел»…

«Kari» аяқ киімдер мен аксессуарлар дүкеніне барғанмын. Аяқ киімдер қатарын аралап жүріп, бір қораптағы жазуға көзім түсті. Күлкі келтіреді. Осындай да аударма болады екен-ау. «Шылпылдақтар әйел» дейді. Ол – жазғы аяқ киім түрі. Қызық үшін басқа аяқ киімдердің қораптарына да

Толығырақ оқу

Емле ережелеріне бірізділік қажет

Қоғамның өзге де салалары сияқты сыртқы саясат бағытындағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ісінде алға басу бар. 2015 жылы қыркүйекте Елбасымыздың БҰҰ Бас Ассамблеясының мінберінен қазақ тілінде сөйлегені аян. Өзге ел басшыларының күллі дүние көз тігетін мұндай мәртебелі орында өз тілдерінде

Толығырақ оқу

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. Өйткені көпшілікке бұл пікірдің өзі шын­дықтан онша алыс та емес, әрқайсы­мыздың күнделікті көріп, іштен тынып күңіреніп жүрген жағдай болса, қайтерсіз.

Толығырақ оқу

Бердібек Соқпақбаевтың есімі мектептен неге алынып тасталды?

Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы ауылындағы мектептен классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың есімі алынып тасталды. Бұл мәселе жайында «Егемен Қазақстан» газетіне ғалым Сағатбек Медеубекұлы «Мектебімізге Бердібек Соқпақбаев есімін қайтарыңыздар!..» атты мақаласын жариялаған. (Мақаланың толық нұсқасы қоса жарияланды – ред.) Осы мәселеге

Толығырақ оқу

Жарымжан жарнамалар, мәнсіз мәтіндер…

Бүгінгі Алматы қаласының көшелерінен көзіміз шалған сауатсыз мәтіндер туралы айтамыз. Бір қызығы һәм өкініштісі, Алматыда қате жазылған сөздерді іздеу көп әуре-салсаңға салмайды. Тіпті іздеудің де қажеті жоқ. «Жолы болар жігіттің» алдынан шыққан жеңгесі сияқты, өздері-ақ мен мұндалап тұрады. Мәселен, газет

Толығырақ оқу

Тіл дауының зілі ауыр

Тіл – кез келген ұлттың ең жанды жері. Тілі жойылған күні ұлт та өзінің кескін-келбетін, мәртебесі мен мәнін жоғалтады. Сондықтан қай кезде де, қандай қоғамда да өзін-өзі сыйлап, құрмет тұтатын намысты нәсілдер туған тілінің тұғыры жолында күресумен келген. Кешегі қылышынан

Толығырақ оқу

Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп қазақы атауға ие болды

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірқатар мектептің атауы қазақыланды. «Бұл өзгеріс идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру аясында жүргізілді» дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 шілдеде шыққан

Толығырақ оқу

Мәнсіз мәтіндер мен түсініксіз тіркестер

Қазақ тілінің жағдайы әлі де мәз емес. Сауатсыз аудармаларға енді қоғам назарын аудару үшін қасақана қате жазу үрдісі қосылды. «Forte банк»-тің мына бір жарнамасына да назар аударыңыз: «Ақша переводить еткіңіз келсе, досыңызда или сізде қандай банк болса да без разницы.

Толығырақ оқу