Орталық тарихы

Бастапқы бетке өту

1998 жылы 12 наурызда «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жанынан Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығын құру туралы» министр А.Сәрсенбаевтің № 43 бұйрығы шығып, оған осы орталықты құру жөнінде бастаманы бірінші болып көтерген тіл жанашыры, ғалым, қоғам қайраткері Шайсұлтан Шаяхметов басшы болып тағайындалды.

Осының негізінде 1999 жылы 9 қазанында «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1545 қаулысы шығып орталық өз жұмысын бастады.

Республикалық орталық бір жыл ішінде қазақ тілін үйретудің жаңа жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік тілді жаңа технология бойынша оқыту бағдарламасын жасап, жаңа оқулықтар және оқу құралдарын шығарды, оған білікті мамандарды жұмылдырды. 1999 оқу жылы 6 айлық бағдарламаны ойдағыдай аяқтап, сынақтан өткен 200-ден аса мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды.

2008 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 12 қаулысы негізінде, орталыққа қайраткердің есімі берілді, ол Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетіне қарасты «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру – әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып аталды.

Шайсұлтан Шаяхметұлы Шаяхметов атындағы орталықты өзінен кейін мына азаматтар басқарды:

  • Асқар Хамзаұлы Баякенов – 2000 жылдың 17 мамырынан бастап  директордың міндетін атқарушы;
  • Біржан Байғараұлы Белғара – 2002 жылдың 1 сәуірінен бастап директор;
  • Ербол Ердембекұлы Тілешов 2004 жылдың 14 қаңтарынан бастап директор;
  • Тоқтасын Міштайұлы Өмірзақов – 2006 жылдың 1 ақпанынан директор;
  • Біржан Байғараұлы Белғара – 2007 жылдың 20 ақпанынан бастап директор;
  • Несібелі Жәкенқызы Құрманова – 2011 жылдың 28 ақпанынан бастап директордың міндетін атқарушы;
  • Әлім Сәдуақасұлы Сергібаев – 2011 жылдың 11 наурызынан бастап директордың міндетін атқарушы;
  • Нұргүл Ерболатқызы Қарағойшина – 2012 жылдың 2 мамырынан бастап директор;
  • Ерғожа Әлқожаұлы Тілепбердиев – 2012 жылдың 10 желтоқсанынан бастап директор;
  • Әлім Сәдуақасұлы Сергібаев – 2013 жылдың 23 сәуірінен бастап директордың міндетін атқарушы;
  • Бижомарт Сейсенбекұлы Қапалбек – 2013 жылдың 13 қыркүйегінен бастап директор;
  • Ербол Ердембекұлы Тілешов 2015 жылдың қыркүйегінен бастап директор.

Орталық осы уақытқа дейін 100-ге тарта оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеп таратты. Орталықта жабдықталған 2 мультимедиялық кабинет және кітап қоры 3 мың данадан тұратын кітапхана жұмыс істейді. Қазіргі кезде Орталықтың оқу-әдістемелік жұмыстармен қоса ғылыми лингвистикалық  зерттеулер жүргізумен және баспа өнімдерін шығарумен айналысуға толық мүмкіндігі мен әлеуеті бар.

(1  086 рет қаралды, бүгін 1 рет)