Орталық туралы

Бастапқы бетке өту

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы 1999 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің № 71545 қаулысымен құрылған. Орталық қызметінің негізгі міндеті – мемлекеттік тілді үйрету, тіл үйретудің ғылыми-әдістемелік негізін құру. Орталық құрылымына ғылыми-әдістемелік, оқу, ақпараттық-инновациялық технологиялар, ұйымдастыру және талдау, әкімшілік және кадр, қаржылық-ұйымдастыру бөлімдері кіреді.

Орталық төрт бағытта жұмыс істейді:

  • мемлекетік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлерін оқыту;
  • қазақ тілін оқытуға арналған оқулықтар және оқу құралдарын шығару;
  • ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
  • іс жүргізуді қазақ тіліне және орыс тіліне аударуды ұйымдастыру.

Орталық ашылғаннан бері оқыту курстарында алпыстан аса мекемелердің қызметкерлері оқу-әдістемелік курстардан өткен. Олардың арасынан ҚР Президентінің Іс басқармасын, ҚР Президентінің Әкімшілігін, ҚР Конституциялық кеңесін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігін, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігін, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін, ҚР Көлік және коммуникация министрлігін, ҚР Индустрия және сауда министрлігін, ҚР Білім және ғылым министрлігін, Орталық сайлау комиссиясын, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігін, Табиғи монополияларды реттеу агенттігін және басқаларды атап өтуге болады.

Қызметкерлерді білікті оқытушылар мен әдіскерлер оқытады.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы осы уақытқа дейін жиырмадан астам оқулық пен оқу құралдарын, сөздіктер, «Қазақ тілі оқулығы: жаңа инновациялар – жаңа талаптар», «Қазақ тілін оқыту бағыттары мен бағдарлары», «Мемлекеттік тілді оқытудағы жаңалықтар мен ізденістер» атты мультимедиалық және көмекші құралдар шығарды.

Мемлекеттік тілді оқытуға байланысты республикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізіледі.

(1  766 рет қаралды, бүгін 1 рет)