Баланы қырқынан шығару

Баланың қырқынан шыққанға дейінгі күтімі

Бала дүниеге келген күннен бастап қырқынан шыққанша түнде шам өшірілмейді. Мұның да өзіндік мәні бар. Бала қырқынан шыққанша шам жағып қою – баланың шошу, тұншығудан және ана мен баланы әртүрлі қауіп – қатерден сақтануы үшін қажет.

Әдетте, бала қырқынан шыққанша баланы бір күні тұзды, бір күні сабынды, кейде маралшөп салынған суғға алма-кезек шомылдырып отырады.

Баланы тұзды сумен шомылдырса, баланың денесі шымыр болып, ауру-сырқауға қарсы иммунитеті қалыптасады. Сабынды су – баланың денесіне жабысқан түрлі микробтарды, бөгде иіс-қоңыстарды жойып, терідегі саңылауларды ашуға көмектеседі. Ал маралшөп қосылған су баланың денесіндегі түрлі зиянды бактерияларды жойып, бала тез ширайды.

  Баланы қырқынан шығару

Нәресте үшін қауіпті деп саналатын 40 күн өткен соң, ата-ананың көңілі орнына түсіп, баланы қырықнан шығару қамына кіріседі. Алайда, «асықсаң жақсылыққа асық» деп ұл баланы 37-39 күн, қыз баланы 40-42 күннен қалдырмай қырқынан шығарады.

Баланы қырқынан шығарарда шомылдыратын ыдыстың түбіне күміс жүзік, күміс білезік сияқты заттар салып, 40 қасық таза су құйып қояды. Баланы қырқынан шығарған әйелдер білезік, жүзіктерді бөлісіп алады.

Баланы шомылдырып болған соң, қарын шашы мен тырнағын инабатты, сыйлы ақсақалдардың біріне алдырып, ол кісіге шапан кигізеді.

Баланы шомылдырар алдында шешіп алған «итжейдеге» қант, кәмпит, бауырсақ, түйіп, бір баланың мойнына тағып қоя береді. Ауыл балалары оны қуып жүріп ұстап, қант-кәмпитін жеп, жейдені әкеліп береді.

Қырқынан шыққан баланы анасы көтеріп, ата-әжелері мен туыс-туғандарының үйіне алып келеді. Ата-әжелері қырқынан жаңа шыққан нәрестенің  бетінен сүйіп, ақ баталарын беріп, оған тай-тайынша, қозы-лақ сыйлап, көйлек-шапан кигізіп қайтарады. Анасын да ерекше күтеді.

Баланы қырықнан шығарудың да өзіндік ғылыми  мәні бар. Баланы шомылдыратын суға күмісті бала адал, ақ, пәк болсын деп салады. 40 қасық суды ырыздығы судай мол болсын деп құяды. Шаш-тырнағын сол адамдай инабатты, ортасына сыйлы адам болсын деп

(15  307 рет қаралды, бүгін 21 рет)


Ұқсас мақалалар

Ахмет Байтұрсынұлы УРА-ны «Алаш»,- деп аударған

Естімеген елде көп. Білім иелері, сұлу тілдеріміздің талай әдемі сөзін естіп жүрміз ғой. Сингармонизм шығып, көменес «күмән» бола жаздап барып

Қазақта қалта болған ба?

Қазақтың кейбір заттары Қалта жөнінде Ертедегі қазақтардың киімінде қалта жоқтың қасы болды. Тіпті бертінірекке дейін біз оны сирек көрдік. Мұның

Бала асырап алу

Қазақ халқы: «балалы үй – базар, баласыз үй – мазар»,- деп ұрпағының  балалы- шағалы болуын тіледі. Тіпті  жаңадан қосылған жастарға

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.