Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

Бүгін «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан халқы тілдерінің  күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының қатысуымен тіл жанашырларын  және «Елбасы және Елорда» республикалық жас ақындар арасында өткен радиомүшәйраның жүлдегерлерін марапаттау, сондай-ақ жыр жинағының салтанатты тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мерекелік шараны аша отырып, мемлекеттік тіл саясатының табысты іске асырылып жатқаны туралы айтты.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заң қолданыста, елімізде тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, үш тілде білім беру іске асырылып, Қазақстандағы этнос өкілдері үшін ана тілдерін оқуға қолдау көрсетілді. Өткен жылы Қазақстан Президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Оны іске асыру үшін Үкімет жанынан Ұлттық комиссия құрылды. Үкімет 2025 жылға дейін латын графикасына кезең кезеңімен көшірудің жоспарын бекітті. Біз «Тіл-Қазына» ұлттық практикалық орталық құрдық. Республикамызда латын графикасына негізделген жаңа емле ережесі апробациядан өткізілді», – деді өз сөзінде министр.

Ал Республикалық жас ақындар байқауына 36 автордан 70-ке жуық материал келіп түсті. «Елбасы және Елорда» жыр жинағына 36 автордың 66 өлеңі енгізілді. Ережеге сәйкес қаламгерлер өлеңдеріне Қазақстанның даму жолында Елбасының сіңірген еңбегі мен арқа төсіндегі жас қаланың 20 жылдық мерейтойын арқау еткен.

Мүшәйраға ұсынылған еңбектерді елімізге белгілі ақындар мен филолог ғалымдардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.

Мүшәйра қорытындысы бойынша салтанатты шарада келесі жүлдегерлер мен бас жүлде иесі марапатталды:

«Елбасы және Елорда» жас ақындар мүшәйрасында І орынды С.Сейфуллин музейінің ғылыми қызметкері Шеризатов Арман Манарбекұлы, ІІ орынды Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы мен С.Сейфуллин музейінде ғылыми – ағарту бөлімінің меңгерушісі Қойшыбай Мұқият иеленсе, ІІІ орынды Ахмер Біржан Ермекұлы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Кәдірбай Ғылымнұр еншіледі.

Ісшараға ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының көрнекті қоғам қайраткерлері, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары, жоғары оқу орындарының студенттері және конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлері, өнер адамдары, БАҚ өкілдері қатысты.

ҚР Үкіметінің 2017 жылдың 31 қазандағы №689 қаулысы бойынша  5 қыркүйек – Қазақстан Халқы тілдері күні болып белгіленді. Осыған дейін бұл мереке қыркүйек айының үшінші жексенбісінде меркеленетін. Айта кету керек, Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек елдімекенінде дүниеге келген болатын.

 

(71 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап әзербайжан тілінде жарық көрді

Бүгін Астанадағы Елбасы кітапxанасында «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» кітабының әзербайжан тіліне аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті, -деп хабарлайды Egemen.kz. Кітапты әзербайжан тіліне

Мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

​Латын әліпбиі жаңашылдыққа бастайды

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосатын бағыт беріп, жол көрсетті. Таяу жылдарға

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.