Астанада биыл 5 мектеп латын әліпбиіне көшеді

Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық режимде латын әліпбиіне көшіріледі.

Білім беру саласындағы жаңалықтар туралы Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Ануар Жанғозин тамыз конференциясында мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылында ата-аналардан түскен идеяны қолдай отырып, Астанада жаңашыл сыныптарды ашу көзделіп отыр. Жоба мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Негізгі идеясы орыс тілінде білім алатын сыныптарды кезең-кезеңмен мемлекеттік тілдегі сыныптарға айналдыру. Іс жүзінде бірінші сыныпқа келетін балалар сабақ барысында ақпаратты бастапқы қадамда 70 пайызын орыс тілінде, ал 30 пайызын қазақ тілінде оқитын болса, 5-сыныпқа барғанда оқыту тілі толығымен мемлекеттік тілге көшірілетін болады», деді Ануар Жанғозин.

Мұндай жаңашыл сыныптар Астана әкімінің тапсырмасының негізінде №60 мектеп-лицейінде ашылады. Сондай-ақ, қыздарға арналған «Білім инновация» лицейіне де жаңа жүйе енгізілетін болады.

«Жалпы, Астана қаласы бірінші болып барлық пилоттық жобаларға қатысады. Біздің ұстаздар әрбір өзгерістер мен жаңашылдыққа тез бейімделеді. Осы жылы елордалық білім ордаларында жүзеге асырылатын бірнеше пилоттық жобалар бар. Мысалы, электрондық оқулықтарды пайдалану екі мектепке енгізіледі. Астананың 5 мектебі мен 3 колледжі пилоттық реижимде латын әліпбиіне көшіріледі», деді ол.

Авторы: «Тіл әлемі.кз» ақпарат

(22 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Полиглоттар өзара мықтыны анықтады

  Үштілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған

Журналистердің сөз саптауы қандай?

Осы орайда  Астанада журналистердің тіл және сөйлеу мәдениеті жөнінде  2015 жылдың 11 қарашасы күні  Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, «Конституция» мәжіліс

Мереке құтты болсын!

8-наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесі. Халқымыз әйел адамды, аналарымызды қашанда құрметтеп, қыз балаға төрден орын берген. (181 рет қаралды, бүгін

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.