Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 4-5 қыркүйек күндері Қазақстан Халқы тілдері күніне орай Оқытушылар арасындағы А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – ересектерге мемлекеттік тілді оқытып жүрген шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау, қолдау, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын және мемлекеттік тілді оқыту үдерісін ынталандыру, озық тәжірибелерді тарату.

Шара республикалық байқау қатысушыларының тәжірибелік сабақ үлгісін көрсету, электрондық портфолионы таныстыру және педагогикалық-психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар кезеңдерінен тұрады.

Аталған шараға Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыс оқытушылары қатысады.

Республикалық байқау жеңімпаздарын әдіскер-ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Қостанай қаласы, 2018 жыл 4-5 қыркүйек.

Өтетін орны: Қостанай қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті.

Басталуы: сағ: 10.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-99-11, 27-71-38

Авторы: «Тіл әлемі.кз» ақпарат

(51 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Бәйгеге түсіп, бағыңды сына!

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын өткізу жөніндегі ереже  (312 рет қаралды, бүгін 1 рет)

Латын қарпіне өтудің төте жолы талқыланды

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарлама­сы­ның аясында қалалық тілдерді дамыту басқармасының ұйытқы болуымен «Қа­зақ әліп­биін латын қарпіне көшірудің өзек­ті мә­сел­елері» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік

Мемлекеттік тілді оқыту мәселесі талқыланды

      Бүгін Талдықорған қаласында «Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.