«Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елбасы кітапханасының ғимара­тында қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай әлеуметтік желілерде жарияланған «ІІ Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Абай шығармашылығы – отандық мәдениетіміздің мақтанышы, ұлттық кодтың ажырамас бөлігі. Ұлы ақынның есімі дүние жүзінің оқырман қауымына кеңінен танымал.

Әлеуметтік желілер мол тәжірибесі бар қалың оқырман қауымның және де Абай туындыларымен енді ғана танысқан жас оқырмандардың кеңінен қолданатын белсенді «кездесу орнына» айналған. Жоба, ең алдымен, жастарға бағытталса да еліміздің барлық өңірлерін қамтитын түрлі жастағы тұрғындары мен әр салада еңбек ететін мамандарының басын қосты.

Елбасы кітапханасы дирек­торының орынбасары Әмірхан Рахымжанов: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиет­ті қазынасы» деген еді.

Елбасы кітапханасы Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау мақсатында қазақтың ұлы ақынының мұрасын насихаттауға арналған «ІІ Абай оқулары» атты дәстүрлі әдеби сайысын жариялаған болатын. Бұл жастарымызды елін, жерін сүюге тәрбиелейтін игі шара. Осы сайыстың биылғы жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қош келдіңіздер» деп, жас талаптарға сәт-сапар тіледі.

Меруерт Тоқмолдаева (Тараз қаласы, студент) І орын, Ақтоты Асанова (Алматы қаласы, оқушы) ІІ орын, Дана Мұхаметілда (Тараз қаласы, студент) ІІІ орын алды. Сонымен қатар сайысқа қатысушылар арнайы аталымдар бойынша да марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсіміне филология ғылым­дарының докторы Серік Негимов, белгілі қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы мен айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы, сондай-ақ ғылым мен мәде­ниет мамандары, Астана қаласының педагоги­калық қауымдастығының өкілдері қатысты.

Авторы: Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

(24 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Қыздар Университетінде латын әліпбиін оқыту орталығы ашылады

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Қазақ алфавитін латын графикасына көшіру жөніндегі орталық ашылады, деп хабарлады оқу орнының Баспасөз қызметі. Білім

Семейден бастау алған «Latyn – құнды мұра» ретро-көрмесі ел аралап қайтты

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Жезкент кенті өңіріне Семейдегі облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхана ұжымы арнайы іссапармен

Қазақ тілінің тынысын кеңейткен голливудтық 11-фильм

Бірнеше жылдан бері «Нұр Отан» партиясының тікелей қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы іске асырушы жоба – голливудтық блокбастерлерді қазақша сөйлету ұлттық руханиятқа

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.