Он бір жасар жазушы

Қазіргі жастар кітап оқы­май­ды деген пікір жиі айтылады. Мұғалімдер керісінше айт­қа­ны­мен астарында шын­дық жоқ емес. Бірде Аста­нада теледидар­дан үздік оқы­ған бір топ оқушыны көр­сетті. Әлдебір сынақта үз­дік шығып, іріктелген оқу­шылар. Әсерлі әңгімеге ел­тіп отырған жүргізуші сөз ара­­сында «Абай жолын» кім жаз­ды?» деп қалған. Әлгі­н­де ға­на бұлбұлдай сайрап отыр­ған үздік оқушылар аңта­рыл­ды да қалды.

Біраз қаламгерлердің аты-жөні кетті. Мұхтар Әуе­зов деп та­бандап тұрып алған бірі жоқ. Ана жағдайға сырттан қа­раудың өзі аянышты.

«Ау, біздің кезде.., біз­дің балалық шақта…» деп мақта­нып, көсіле жөнелейін десең, сон­ау бала ке­зіңдегі кі­таптың дәмін алып тамсанып оқып жүр­ген шағыңмен жас­­тас қызыл­ордалық он бір жа­сар қыз бү­гінге дейін елу ертек жазып тас­тапты. Ал­ты­най Берік­тің ал­ғашқы кі­та­бын қазақ рухани­яты­­ның үлкен жанашыры Қы­рым­бек Көшербаев баспадан шы­ға­рып берді. Қызылордалық жас өреннің шығар­машы­лық табысы Елбасына дей­ін же­­тіп, ақтілеу айтып «Еура­зия жүре­гін­де» атты кітабын сый­­лаған екен.

Алтынайдың алғашқы кіта­­бы­на оның 32 ертегісі, 13 өлеңі мен 10 шақты әңгімесі ен­ген. Ен­ді ол екінші кітабын шы­ға­ру­ға дайындығын жасап жатыр.

– Бүгінде балалар кітап оқы­­майды, ғалам­торға кір­генді ұна­тады деген пі­кірді мен де ес­ти­мін, – дейді жас жазу­шы. – Ондай әдетті дос­та­рым­нан да бай­қаймын. Кі­тап оқу – үлкен мәде­ни­­еттілік. Бұл адам­дарды әде­мі­­лік­ті сезінуге, жақ­сы адам бо­луға тәр­бие­лейді. Жақ­сы кітапты әлеуметтік же­лі еш­­қашан ауыстыра алмайды. Сон­дық­тан достарымды кі­тап оқуға шақырамын.

Он бір жасында екінші кі­­та­бын жарыққа шығаруға дай­­ын­дап жатқан оқушы өз қа­тар­лас­тарының түбінде кі­тапқа оралатынына сенеді.

Авторы: Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»

(12 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Павлодарда көшпелі семинар өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу қаласының іс жүргізушілеріне, аудармашыларына және қазақ тілі мамандарына арналған көшпелі «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы

Қазақ тілінің 15 томдық түсіндірме сөздігі дыбысталады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Google Translate жүйесінде қазақ тілінде ауызша аударма жасауға мүмкіндік беретін Voice-to-Text қызметі таныстырылды. Voice

НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ АСТАНАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «М.Жолдасбеков» залында Елбасының Жарлығымен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты Нидерланд Корольдігінің

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.