Жаңа емле жағдайға бейімделе ме?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деген болатын.

Мемлекет басшысы 2012 жылғы 14 жел­тоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балалары­мыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», – деп латын әліпбиіне көшуге негіз қалады.

Қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Енді міне, жаңа әліпби нұсқасы өмірге келді. Қазақстанда жаңа емле ережелері қанатқақты жобасының сынамасы басталды. Бұл істі дұрыс жүргізу – өте маңызды. Кезінде Жүсіпбек Аймауытов «Емлені өзгертуге жоба» атты мақаласында: «…Емлені өзгерту керек дегендегі көздеген бас нысанам – сөзді грамматика заңына тірей бермей, қалай естілсе, солай жазу, емле ереже­лерін азайту, яғни жоғалту», – деп жазды. Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуына негізделген әліпбиді ұсынғанда фонетикалық ұстанымды мақұл көрді. 24 әріптен тұратын араб қарпіне негізделген әліпбиді осы ұстаным бойынша түзген еді. Х.Досмұхамедұлы осы ұстанымды негіз етіп латын әліпбиінің жобасын жасаған. Латын әліпбиі жобасын Н.Төреқұлов 28 әріп бойынша әзірледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы 20 шілдеде қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері қанатқақты жобасының бастапқы сынамасын өткізеді. Бұл жоба қоғамдық пікірді зерттеу арқылы жаңа емле ережелерін әзірлеу барысында туындаған мәселелерді шешудің тиімді әдістерін анықтауға бағытталған. Қанатқақты жобаның сынамасына Көкшетаудағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан 6-9-сыныптар аралығындағы 230 оқушы қатысады. Сынама нәтижесінде, алынған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді.

Уақыт қазақтың пайдасына жұмыс істеуі керек. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа емлені әртүрлі сынамадан жедел өткізу маңызды. Латын қарпі негізіндегі жаңа әліпби бетіне қарап отыратын жоба күйінде қалмауы тиіс. Жазуға, сөйлеуге, оқуға ыңғайлы біртұтас нұсқасы қалыптасқанда ғана латын қарпін пайдалану жеңіл болады.

Авторы: Нұртөре Жүсіп

(16 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Латын әріптері – өмір талабы

Ұлттық жаңғыру бағытында атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі туралы айтқан ойлары жұртшылықтың, әсіресе, тіл

Республикалық «Тіл шебері-2018» байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық

Қандай кітап көп оқылады?

Бұл сұраққа жауап берудің алдында географиялық, та­нымдық, əр елдегі немесе өңір­дегі менталитетті назарда ұста­уымыз қажет секілді. Осыдан бі­раз бұрын əлемнің

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.