Тіл үйретудегі жаңа тенденциялар

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси  жұмыс комитеті  Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»  ұлттық ғылыми-практикалық орталығы  Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында оқыту бағдарламаларын жетілдіру, оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде онлайн семинар өткізіп келеді.

Осы орайда  2018 жылғы  25 маусымда  «Оқу-әдістемелік құралдардың қазіргі ахуалы және тіл үйретудегі жаңа тенденциялар» атты республикалық онлайн семинар  өтті.

Аталған  шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси  жұмыс комитетінің өкілдері, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»  ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері,  Астана, Алматы қалалары мен өңірлердегі мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының, жоғары оқу орындарының  мамандары және әдіскер-ғалымдары байланысқа шықты.

Шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси  жұмыс комитеті  төрағасының  орынбасары  Мелдешов Ғалымжан Сәрсенбайұлының кіріспе сөзімен ашылды.

   Семинар барысында  Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына»  ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Айдос Абдықалықов «Қазақ тілін оқытуда ұлттық стандарттардың ролі», Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті кафедра меңгерушісі Арай Жүндібаева  «Қазақ тілін тілін оқытуда қолданылатын кейс және технология түрлері», Қызылорда облысының Тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы Әсел Бақытова «Мемлекеттік тілді оқытуға арналған әдістемелік құралдар: мазмұн мен сапа», М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті қазақ және орыс тілдері департаментінің координаторы Қарлығаш Дүсіпбаева «Оқылым дағдысын қалыптастырудың креативті жолдары», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Айнұр Баекеева «Ересектерге ағылщын тілін оқыту:әдістеме және тәжірибе», С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Нұрлыхан Аитова «Психо-нейролингвистика жетістіктері негізінде тіл үйрету» тақырыптарында баяндама жасады.

   А.Абдықалықов өз баяндамасында Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау, оның     инфрқұрылымын дамыту және оқыту процесін ынталандыру мәселелеріне тоқталды.  Сонымен қатар  Қ.Дүсіпбаева  өз баяндамасында  тілді  оқытудың  жаңа  креативті  коучинг әдісін қолданудың тиімділігін атап өтсе, А.Баекеева  ағылшын тілін  педагогикалық және андрагогикалық модельдері  арқылы оқытудың тәсілдерімен бөлісті.

Семинар соңында  шараға қатысушылар  өзара еркін пікір алмасып, әдістемелік мәселелер төңірегінде өз ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. 

Авторы: «Тіл әлемі.кз» ақпарат

(56 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы мәреге жетті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы

Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?..

Электронды БАҚ-та (abai.kz және mtdi.kz сайттарында) және телеарнада (Алматы телеарнасы) қазақ руханиятына қатысты бірқатар іс-шараларға ат салысып жүрген «Алтын қыран»

Павлодарда «Тіл – парасат» байқауы өтті

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 9

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.