Батыс Қазақстан облысында бірнеше мектеп қазақы атауға ие болды

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында бірқатар мектептің атауы қазақыланды. «Бұл өзгеріс идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар мен қайталанатын атауларды тарихи жер-су атауларына алмастыру аясында жүргізілді» дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 шілдеде шыққан №413 қаулысына орай Тасқала ауданындағы Вавилин бастауыш мектебі – Бастау, Жемшин бастауыш мектебі – Тоғайлы, Крутой негізгі мектебі – Ынтымақ, Кузнецов негізгі мектебі – Бірлік, Родник негізгі мектебі – Айнабұлақ, Семиглавый Мар орта мектебі – Достық, Совхоз мектеп-балабақшасы – Атамекен, Шипов орта мектебі – Мерей орта мектебі болып қайта аталатын болды.

Осылайша, шекарада жатқан елдімекендердің қазақы бет-бейнесі қалпына келіп, алдағы жаңа оқу жылында шәкірттер атауы жаңғырған мектеп табалдырығын аттайтын болды.

Авторы: Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан

(10 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Шешендік өнер және шешендік

Қауымды басқару, елдің сөзін ұстап, жол көрсету қай заманда да жаратылысы бөлек, елден ерек тұлғалардың ғана қолынан келетін маңызды әрі

Дүниежүзі қазақтары V Құрылтайының өтуіне санаулы күн қалды

2017 жылдың 22–25 маусымы күндері Астана қаласында халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өтеді. (96 рет

Жаңғыру жазудан басталады

Өркениет көшіне ілескен Қазақстанымызда тіл сая­саты тәуелсіздік жылдарында өзектілігін жойған емес. Алды­мызда тарихи таңдау тұрды. Тілдің дыбысталуы, оқылуы, таңбалануы деген

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.