Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік сыныбы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ ағымдағы жылдың 20-24 тамыз аралығында Астана қаласында ілеспе аударма жүргізудің шеберлік кластарының 1-кезеңін өткізеді.

Шеберлік кластары аясында ілеспе аударманың теориялық мәселелері, негізгі бағыттары зерделеніп, алынған білімді тәжірибеде ұтымды қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға негізделген сабақтар арқылы ілеспе аудармашылардың практикалық біліктілігі арттырылады.

Шеберлік кластарына ғалымдар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашы мамандары қатысады.

Байланыс телефондары:

факс: 8 (7172) 408397;

тел: 8 (7172) 408393, 87016752660

Авторы: «Тіл әлемі.кз» ақпарат

(15 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Жаңа әліпбидің пернетақтасы қандай болады?

Бүгінгі таңда қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі қайта көтеріліп жатқандығы белгілі. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

​Тіл үйрету –тың игеруден де қиын

Тың игеру жұмыстары жоспарлы жүріп, оң нәтижесін көрсетті. Ал 25 жылдан бері жалғасып келе жатқан мемлекеттік тілді меңгерту жұмыстарының нәтижесі

Орыс жастары қазақ тілінен сайысқа түсті

Үстіміздегі жылдың 27 қарашасы күні  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.