Қазақстанда толыққанды қазақ тіліндегі спорт телеарнасы ашылады

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы, «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналарының меншік иесі «Eurasian Broadcasting Enterprise Limited» (EBEL, Ұлыбритания) компаниясымен бірлесе отырып, елімізде ұлттық спорттық телевизиялық контент құру жобасын қолға алды.

Лондондағы Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінде қос тарап өзара келісім меморандумына қол қойды. Аталмыш құжат «Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін барлық клубтардың спорттық жетістіктері мен жарыстарының «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналары арқылы қалың бұқараға таратылатынын айғақтайды.

Меморандумдағы келісімге сәйкес, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Латвия, Литва, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Эстония сынды елдердің қалың аудиториясы аталмыш телеарналар арқылы «Астана» брендімен ел намысын қорғап жүрген барлық үздік клубтарымыз бен спортшыларымыздың жетістіктері мен жарыстарын тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ, біздің спортшыларымыз жайлы арнайы бағдарламалар, эксклюзивті сұхбаттар, жаңалықтар бөлімі және сараптамалық бағдарламалар жасалады.

EBEL халықаралық ірі спорттық бродкастердің телеарналарындағы алғашқы бірлескен спорттық бағдарламалық эфир 2018 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Сонымен қатар, халықаралық спорттық телекомпания мен Қазақстан тарапының келіссөздері барысындағы тағы бір маңызды мәселе – «Сетанта Спорт» аясында желі арқылы таралатын және қазақ тілінде көпшілікке ұсынылатын жаңа спорттық телеарна құру болып тұр. Бұл жоба халықаралық аренадағы спорттық контентіміздің беделін арттырып қана қоймай, отандық қазақ тілді журналистердің шығармашылық жұмыстарына жаңа мүмкіндіктер ашады.

Өз кезегінде «Астана» Президенттік клубы жаңа жобаны жүзеге асыру барысында қазақстандық спорттық журналистерді тарту мәселесіне қызығушылық білдіретінін хабарлайды.

Авторы: «Егемен Қазақстан» газеті

(22 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап әзербайжан тілінде жарық көрді

Бүгін Астанадағы Елбасы кітапxанасында «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» кітабының әзербайжан тіліне аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті, -деп хабарлайды Egemen.kz. Кітапты әзербайжан тіліне

НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ АСТАНАДАҒЫ ЕЛШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының «М.Жолдасбеков» залында Елбасының Жарлығымен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты Нидерланд Корольдігінің

Мемлекеттік тілді орыстілді азаматтарға насихаттау шарасының кезекті жұмысы Солтүстік Қазақстан облысында басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.