Республикалық «Тіл шебері-2018» байқауы өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» АҚ мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2018» республикалық конкурсын өткізеді.

Жаһандық өркениет пен еліміздің даму бағытына сай үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқау Ақмола облысы, Бурабай ауданы«Балдәурен»республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтеді.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

1. «Тұсаукесер» – берілген тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу;

2. «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру;

3. «Өнертаным» – берілген жаңылтпаштарды үш тілде жаңылмай айту.

Дәстүрлі шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, Ақмола облысы Бурабай ауданының зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Байқау мерекелік концертпен жалғасады.

Өтетін уақыты: 2018 жылғы 15 маусым

Іс-шараның басталуы: сағ.: 14.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 40-83-97; 8 701 451 14 17, 8 705 100 59 08

Авторы: «Тіл әлемі.кз» ақпарат

(21 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Әз Наурыз құтты болсын!

  22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi,

Тіл мәртебесі баршаға ортақ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға

Семинар-тренингте терминология және аударма мәселесі қаралады

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылғы 12-13 және 19-20 қараша

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.