Елбасы қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату қажеттігін айтты

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында терминология мәселесіне айрықша тоқталып, мән беру қажеттігін айтты.

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек», – деді Қазақстан Президенті Жолдауында.

Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу жоғарыда аталған мәселені реттеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігіне назар аудартады.

(44 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Жаңа әліпби насихатталды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіру мәселесі шеңберінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі

Құрылтайда рухани құндылықтар сөз болады

 ТМД елдері арасында тұңғыш рет Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің аясында 22-25 маусым күндері Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы шақырылып

Алфавит тек алфавит қана емес, сонымен қатар тіл мен мәдениет

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы тек

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.