«Таста қалған тағлым» кітабы жарық көрді

Тұсаукесер. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша филология ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты Қаржаубай Сартқожаұлының «Таста қалған тағлым» атты кітабы жарық көрді.

Еңбекте профессор, доктор Қаржаубай Сартқожаұлының көшпелілер мә­дени құндылықтарына соңғы жылдары жасалған ғылыми мақалалары жи­нақталған. Оның ішінде: көшпелілер тарихы, дүниетанымы, идеологиялық құндылықтары, ру-тайпалық жүйе зерттелуімен қатар, тас бетіндегі ежелгі хунну жазулары және археологиялық қазба мұралардан табылған көне түркі мәтіндері.

Кітап кіріспеден басталып, автордыңың өмірбаянымен жалғасады. Негізгі бөлім материалдары «Байырғы түрік құндылықтары» және «Байырғы түрік мәдениетінен» атты екі тармаққа жинақталған.

Еңбек археолог, түркітанушы, тарихшы, әдебиетші, этнографтармен қатар жалпы көшпелілер тарихын қызықтаушы оқырмандарға арналған.

Кітаптың пішімі 70х100 1/16., көлемі 30,8 шартты баспа табақ, таралымы 2000 дана.

«Таста қалған тағлым» кітабын Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының сөресінен және «Тіл әлемі» порталының «Кітапкәде» айдарынан таба аласыздар.

(7 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Қостанайдағы өзекті ойды ортаға салған жиын

«Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз бабам тілі сен қалдың» – деп дауылпаз ақын М.Жұмабаев жырлағандай, қазақ тілі

Шеберлікті шыңдаған «Тіл шебері»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік

Қостанай қаласында семинар-тренинг өтті

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қостанай

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.