Назарбаев: Мемлекеттік қызметте еңбек ету үшін мемлекеттік тілді білуге тура келеді

 
Қазақстан Президенті қазақ тілі көп ұлтты мемлекеттің халқын қалай жақындастыра түсетінін айтты.

«Мен 17 жасымда қазақ мектебін бітіріп, Украинаға жол тартып, одан кейін өздеріңіз білетіндей Теміртаудың металлургиялық комбинатына келдім. Орыс тілді ортада 20 жылдан астам уақыт жүргеннен кейін тілді (қазақ тілін — авт.) таза ұмытып қалдым. Сексенінші жылдардың соңында Қарағанды облысынан Алматыға Орталық комитеттің хатшысы болып келдім. Міне, осы кезде қазақ тілінде сөйлеуім керек болды. Осы кезде маған қазақ тілінде шығатын «Социалистік Қазақстан» газетін оқи бер деп кеңес берді. Оңай болған жоқ. Оқып, оқып ақыры тілдік қорымды ұлғайтып алдым. Бәрі де адам өзін-өзі қалай жігерлендіреді — соған байланысты», — дейді отандық БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде мемлекеттік қызметте жұмыс атқару үшін мемлекеттік тілді білу міндетті екенін атап өтті. «Бірақ, мемлекеттік қызметтен бөлек, басқа да жұмыстар жетерлік. Ал мемлекеттік қызметке ұмтылған адам тілді меңгеру керек. Қазақстандағы барлық этникалық топтардың қазақ тілін білуі — халықты ұйыстыра түседі. Лондонға немесе Вашингтонға барып, ағылшын тілінде сөйлесең — сен жұртпен тез тіл табысасың. Ал Мәскеуде орыс тілін меңгермей тұрып, қалай жұмыс істейсің? Мүмкін емес. Немесе Германияға барып, неміс тілін білмей жұмыс істеу мүмкін емес қой?.. Тіл бәрімізді жақындастырады», — дейді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде латын әліпбиін енгізудің түпкі мақсаты туралы сөз қозғады.

«Бүкіл Америка Құрама Штаттары — мигранттар елі. Бүкіл мемлекеттен келген адамдарды ол мемлекетте ағылшын тілі бір ұлт ретінде жақындастырады. Сондықтан, тілді сондай рөлге жеткізгім келеді. Бұл жеке бастың мақсаты емес. Мақсат — біздің көпұлтты мемлекетіміздің халқын бірегейлігін қалыптастыру», — деп түйді Қазақстан Президенті.

(31 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Полиглоттар өзара мықтыны анықтады

  Үштілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тілдарын» республикалық олимпиадасы мәресіне жетті. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған

Славян жазуы мен мәдениеті күніне орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

​Қазақстанда жыл сайын 24 мамырда славян жазуы мен мәдениеті күні кеңінен аталып өтіледі. Аталмыш күні республиканың барлық өңірлерінде әртүрлі іс-шаралар,

Болашақ журналистер бақ сынауда

     Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті базасында дәстүрлі  Х Республикалық журналистер олимпиадасы басталды. Ф.ғ.д., профессор Асанов Қ.Д. кіріспе

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.