Диграфсыз және апострофсыз әліпби жобасы

Қазақстан Республикасы өзінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу жолында дербес саясат ұстана отырып, елде орын алып отырған өзекті мәселелерді шешу мақсатында және ел алдында тұрған алыс және жақын болашаққа арналған ұстанымдарды жүзеге асыру жолында еңбек ету мақсатында құрылған тәуелсіз мемлекет болып табылады.

Осы себепті XXI ғасырдағы IT-технологиялардың дамуымен және әлемдік нарықта ағылшын тілінің белең алуымен байланысты тенденцияларға ілесе отырып даму мақсатында Елбасы Н. Назарбаев қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу қажеттілігіне назар аударып қана қоймай, 2017 жылы осы үрдісті түбегейлі жүзеге асыруды қолға алды.

Үстіміздегі жылы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу үдерісіне қатысты біршама пікірталастың да орын алғанын айта кету керек. Қызу талқыға түскен мәселеге мен де көңіл аударып, бей-жай қалмауға тырысып, өз әліпбиімді ұсынуды жөн көрдім.

Шынтуайтында, бұл әліпбидің дайындалған мерзімі 2017 жылдың кыркүйегі еді. Сол кезден бері қоғам қайраткерлері мен лингвист ғалымдардан, сондай-ақ, құзырлы органдардың өкілдерінен құралған жұмыс тобының отырыстары нәтижесінде халықтың басым көпшілігінің көңілінен шығатын бір әліпби нұсқасы ұсынылар деген ойда едім.

Алайда болған іс болды, Жарлыққа да қол қойылды, ұсынылған әліпбиге қажет жағдайда өзгерістер енгізілетіні де жарияланды.

Сондықтан елімнің тарихында орын алып отырған осынау игі бастамаға мен де өз үлесімді қосуым керек деген оймен қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиінің тағы бір нұсқасын ұсынғалы отырмын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мысал ретінде «Абай жолы» романынан үзінді келтіруді жөн көрдім.

«Абай жолы» романынан үзінді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әліпбидің ұсынылып отырған нұсқасындағы латын қаріптерінің белгіленуі мен қолданылуына қатысты арнайы сипаттама келесі материалдарда жарияланады.

(50 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Павлодарда көшпелі семинар өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақсу қаласының іс жүргізушілеріне, аудармашыларына және қазақ тілі мамандарына арналған көшпелі «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы

Тіл мәртебесі баршаға ортақ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға

Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітап әзербайжан тілінде жарық көрді

Бүгін Астанадағы Елбасы кітапxанасында «Нұрсұлтан Назарбаев. Биография» кітабының әзербайжан тіліне аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті, -деп хабарлайды Egemen.kz. Кітапты әзербайжан тіліне

1 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Asqar Akhmetuly
    Asqar Akhmetuly 13 Желтоқсан, 2017, 15:25

    Жақсы екен, бірақ, біріншіден, қазаққа тән емес ё, ч, ц, щ, ъ, ь, ю, я сияқты дыбыстарды қалдырудың қажеті жоқ еді. Онсызда тіліміз «ала-шұбар» болып кеткен жоқпа, қазір көп азаматтар орыстың дыбыстарын нақты, мәнерлеп айта алады да, қазақтың дыбыстарын (ң, і сияқты) тілі бұралып айта алмай жататын жағдайға жеткенбіз. Ертеде әжелеріміз Василийді Уәсили деп, Егорды Жәгор деп өз тілімізге ыңғайлап атйқан жоқпа еді. Сондықтан, бөгде дыбыстарды мүлдем жойып, жаңа емле ережесін бекітіп, қазақ тілін тазалаған жөн. Екіншіден, ноқаттар мен құйыршықтар көп болса, жазудың да көрнектілігі жоғалады екен. Менің ойым, жалпыға бірдей, әлем бойынша кеңінен таралған диграфтарды, мысалы, gh, zh, sh, ch, қолданған абзал. Мұны бәрі біледі, үлкенімізде, кішімізде, кеңес өкіметі заманында, барлығымыз мектепте немісше я ағылшынша шет тілін оқығанбыз. Мұны бәріміз білеміз. Кейбір ағаларымыз зх, гх, сх деген не, мұны сонда қалай оқимыз деп, түк білмегенсігендері шындыққа жанаспайды. Менің ойым осы, рахмет.

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.