Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам

Қазір елімізде тарихи маңызы бар мәселе – латын графикасына көшудің мақсатын түсіндіріп, ұсынылған нұсқаларды талқылау мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Елбасының бағдарламалық мақаласында айрықша айтылған әліпби ауыстыру тақырыбына орай аймақта семинарлар мен дөңгелек үстелдер, түрлі форматта басқосулар өткізіп келеді. 

Жуырда ғана Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында оқытушылардың қатысуымен «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты дөңгелек үстел өткізсе, Алға ауданының В.И.Пацаев атындағы №2 орта мектеп базасында «Үкілі үмітіміз – сәтті шешім» тақырыбында өткен ақпараттық-түсіндіру сағатына мұрындық болды. Шараға тіл мамандарымен қатар мұғалімдер, жоғарғы сынып оқушылары қатысып, әліпби жобаларының ұтымды және осал тұстарын талқылады.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Серғазина мен С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің қазақ тілі және әдебиет кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Т.Тоқсанбаева мектеп ұжымына алфавит ауыстырудың артықшылықтарын түсіндірумен қатар, көп көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жастар латын таңбасын қысқа мерзімде үйрену қиынға түспейтіндігін тілге тиек ете отырып, әліпби нұсқасының мінсіз болу керектігін қаперге салды.

(71 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Көптілділік – уақыт талабы, ел болашағы

ХХ ғасырда басталған мемлекеттер мен құрлықтардың саяси, экономикалық, мәдени араласуы ХХІ ғасырда бұрынғыдан да керемет қарқынмен өрістеп, тұтас планетаның тынысы

Мемлекеттік тілді орыстілді азаматтарға насихаттау шарасының кезекті жұмысы Солтүстік Қазақстан облысында басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға

Үш тұғырлы тіл туралы

Бүгінгі таңда «Тіл» мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналды. Халық «Үш тұғырлы тіл» дегенге үрке қарайды. Ол сондай қорқынышты дүние емес.

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.