​«Абай оқулары» республикалық байқауын өткізу жөніндегі ереже

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» республикалық конкурсын өткізу қағидаларын жариялады.

1. Жалпы ережелер

1. Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру;

4) талантты жастарды табу.

3. Конкурс мемлекеттік тілде өтеді.

4. Конкурс екі кезеңнен тұрады.

1) Бірінші кезең – облыстарда және Астана, Алматы қалаларында 
2017 жылдың 10 тамызына дейін өткізіледі.

2) Екінші кезең – республикалық конкурс, 2017 жылғы қыркүйек-қазан айларында өткізіледі.

5. Конкурсқа 17-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

2. Конкурсты өткізудің тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (Тілдерді дамыту басқармалары) конкурстың бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздың өтінімі 2017 жылғы 10 тамызға дейін конкурстың екінші кезеңіне қатыстыру үшін Комитетке ұсынады.

9. Конкурс мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқу;

2) қазақтың белгілі ақындарының көркемдігі жоғары поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

10. Конкурс шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

2) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

3) үміткерлер мәтіндерді жатқа оқулары шарт.

3. Қорытынды ережелер

11. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет салаларының зиялы қауым өкілдері, педагогика, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады.Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады.

12. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

2) дұрыс дыбыстауы;

3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

13. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

14. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Абай атындағы көркемсөз оқу

шеберлерініңреспубликалық конкурсын өткізу қағидаларына қосымша

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің

республикалық конкурсқа қатысу үшін

өтінім

  • Т.А.Ә._____________________________________________________________
  • Жасы_____________________________________________________________
  • Жынысы___________________________________________________________
  • Жұмысы___________________________________________________________
  • Білімі_____________________________________________________________
  • Мекенжайы________________________________________________________
  • Байланыс телефондары______________________________________________
  • Шығармалар атауы _________________________________________________
  • Қосымша ақпарат___________________________________________________

10. Фотосурет (электрондық нұсқасымен бірге)____________________________

Қолы

(63 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Патриоттар форумы өтеді

Тәуелсіздік мерекесіне орай 14 желтоқсанда Астана қаласында «Қазақстан» ОКЗ «Туған жер! Туған Тіл! Туған ел!» Қазақстан Патриоттары Форумы өтеді. Форумның

Жарымжан жарнамалар, мәнсіз мәтіндер…

Бүгінгі Алматы қаласының көшелерінен көзіміз шалған сауатсыз мәтіндер туралы айтамыз. Бір қызығы һәм өкініштісі, Алматыда қате жазылған сөздерді іздеу көп

Ақтөбеде жаңа әліпбидің емле ережесіне қатысты жиын өтті

Қоғамдағы жаңғыру міндетті түрде белгілі бір дәстүрлі және жаңа алғышарттарды қажет етеді. Бұл адамзат дамуының жалпы диалектикасы. Қазіргідей адамзаттық даму

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.