​«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтті

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 маусымында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» облыстық байқауы өтті. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, беделін арттыру және мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 7 мемлекеттік мекеменің командасы қатысты.

Байқау барысында қатысушы командалар 4 тапсырма бойынша сыннан өтті. Алдымен командалар сәлемдесіп, өздерін таныстырса, екінші турда тарихи орындарға байланысты тапсырманы шешті. Үшінші кезең командалардың білім деңгейін таразылауға бағытталды. Қатысушылар тіл туралы қанатты сөздердің жалғасын тауып, тілдерді дамыту саласын реттейтін нормативтік құқықтық актіге қатысты сұрақтарға жауап берді. Ал «Үй тапсырмасы» аясында «Мәңгілік ел – Мәртебелі тіл» тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетті.

Байқау сарапшылары талапкерлердің өнерін бағалау кезінде сөйлеу мәдениетіне, сұрақтарға толық жауап берілуі мен нормативтің құқықтық актілерді білуіне, сахналық образына баса назар аударды. Қорытындысында Жалағаш ауданы әкімдігінің «Тіл сақшылары» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Жаңақорған ауданы әкімдігінің «Жалын» командасы иемденсе, 3 орынды Қызылорда қаласы әкімдігінің «Сөз-маржан» командасы мен Шиелі ауданы әкімдігінің «Жебе» командасы өзара бөлісті. Командаларға облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы дипломы мен кубогы табысталды.

Айта кетейік, жеңімпаз команда Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылатын республикалық «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауында бақ сынайды.

(116 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Әз Наурыз құтты болсын!

  22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi,

Жаңа емле жағдайға бейімделе ме?

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.

Дүниежүзі қазақтары V құрылтайының бағдарламасы

  BAQ.KZ сілтейді BAQ.KZ сілтейді       (53 рет қаралды, бүгін 1 рет)

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.