Ономастика мәселелері талқыланады

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі – ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру. Еліміздегі жер-су, көше атауларын реттеу, көрнекі ақпаратар мен жарнама мәтіндерін рәсімдеуді біріздендіру болып табылады. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 2 маусымда Шымкент қаласында «Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы бірлесе ұйымдастырған шарада өңірлердегі ономастикалық ахуал сөз болады. Идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту мәселелері қаралады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, ономаст-ғалымдар, облыстық тіл басқармалары мен ономастика бөлімдерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Басқосуды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Мелдешов жүргізеді.

(221 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Оқушылар «Жайдарман» ойнайды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен 2017 жылғы 20 қазан күні Астана қаласы «Қазмедиа холл» киноконцерттік залында мектеп

Славян жазбалары және мәдениеті күндері

Құрметті астаналықтар және Астана қонақтары! Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Сіздерді өнер шеберлері мен славян

Миллион кімге бұйырады?

Астана қаласы «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінің концерттік залы 22 маусым 2018 жыл, сағ.: 16.00 Бүгінде мемлекеттік тілді

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.