Абайтану. Мекемтас Мырзахметұлы

Мекемтас МырзахметұлыБелгілі абайтанушы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметұлы дайындап отырған бұл кітапта ұлы Абай мұрасы, оның зерттелуі туралы жазылған құнды деректер мен мұрағат қазыналары егжей-тегжейлі екшеліп, Абайтану тарихының қалыптасу жағдайы сала-салаға бөлініп баяндалған.

Бір ғасырдан астам уақытта ақын мұрасын танып, бағалау жолындағы жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан таразыланады. Сонымен қатыр ғалымның Абайтану ғылымын қалыптастыру жолындағы ізденістері туралы замандас ғалымдардың ой-пікірлері топтастырылған.

Бүгінде шын мәніндегі профессионалды әдебиетке айналып, дүниежүзілік көлемде танылып отырған қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жіберсек, өсу, өркендеу жолы қызу түрдегі пікір таласының үстінде қалыптасып келе жатқаны көз алдымызға келеді. Қазақ әдебиеті тарихы ғылымының іргелі саласының бірі – абайтанудың қалыптасу процесі мен зерттелу тарихының жайы да осы жолға қарайғы құбылыс. Бұл саланың негізгі зерттелу нысанасы болып отырған Абай мұрасын тану, бағалау жайы революцияға дейін-ақ басталып, бүгінге дейін үздіксіз зерттелу үстінде. Абай мұрасының зерттелу процесі ертеректен басталғанымен, ол негізінен екі түрлі жолмен жүргізіліп келеді.

абайтану«Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» – деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, Абай мұрасы мәңгілік. Барша қазақ баласы Абайды тануға, білуге, Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген, өскен, еркін халық ретінде көруді арман еткен. Бүгінде біз Абай аңсаған ұлы өзгерістердің куәсіміз, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуге талпынудамыз.

 

(641 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.