Іскерлік сұхбаттар түрлері мен оны үйретудің   инновациялық тәсілдері

Сабақ барысы

Іскер адамға басты қасиеттерді атаңыздар.  Студенттер қасиеттер мен қабілеттерді атайды.Солардың ішінде  ең маңызыдысы қайсы? Деген сұраққа жауап беру сұралады.

  • Өзіне деген сенімділік 
  •  Қарым-қатынасты жылдам орнату қабілеті
  •  Өз ісін жақсы білу
  • Жаңа идеяларды іздеу

            Топтық  жұмыс үрінде ұйымдасытырлады. Әр топ өз шешімін айтады. Оны дәлелдейді. Дәлелдеу құрылымы: тезис, негіздеме,  түсіндіру , мысал, қорытынды . Топтық жұмысқа  5 минут уақыт беріледі.  Екінші топ бұл шешімнің әлсіз жақтарын анықатйды. Сөйтіп өз ұсыныстарын айтады. Соңындатақатада  екі ұсыныс қалуы керек. Оның біір міндетті  түрде қарым-қатынасты орната білу деген көрсеткіш боулыкерек. Қарым-қатынас орнта білу неге өте маңызды?және неге ол барлық іскер адамдрағ кеерк деп    ойлайсыз? Әр студент өз пікірін  5 сөйлеммен дәптерге жазады.

Келесіде адамдары сөйлеуіне қарай қалй бағалайды? Бірнеше сұхбат тыңдалады. Сұхбатқа қатысушылар туралы студенттердің пікірлері тыңдалады. Сұхбатқа қатысушылардың  өздерін аныстыруына көңіл бөлеміз.  Сонан соң танысу этикеттерні ұсынып, оларды сөйлеу жағдаяттарымен  байланыстырамыз.

Танысу этикеті

Өзін таныстыру

  1. Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз. Менің атым – Дәулет Асқаров

 

  1. Өзімді таныстырып өтейін, Дәулет Асқаров. «Максима»  компаниясының  топ менеджерімін.
  2. – Танысып қояйық, «Гермес» фирмасының қаржы директоры   Мұрат Қосжанов.

Жауап түрі:

  • Танысқаныма қуаныштымын.
  1. Қосымша ақпарат беру жолы.
  • Визит карточкасын беруге рұқсат етіңіз.
  • Мен туралы ақпаратты визит карточкадан таба аласыз.
  1. Өзгелерді таныстыру

А.

  • Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіз. «Максима» фирмасының қаржы директоры – Дәулет Асқаров,
  • Өте жақсы.
  • «Гермес» компаниясының директоры Мұрат Қосжанов.

Ә.

  • Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер: (адамдар тізбекпен өз аты-жөндерін атайды)

 Тапсырма.

  1. Екі студент бір- бірлерімен танысады.
  2. Төрт студент бірін- біріне таныстырады.

1-сұхбат. Жұмысқа қабылдау интервьюі

  1. Жұмысқа тұру сұхбатын оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жұмыс беруші: Сәлеметсіз бе,  Қаліңіз қалай?

Үміткер: Жақсы,  рақмет.

  Жұмыс беруші: Біз өзіңізбен жақын танысу үшін, сіздің жеке қабілеттеріңіз, біліктілігіңіз туралы  сөйлесу үшін  кездесуге шақырдық. Өзіңіз туралы айтып беруді сұраймын.

 Үміткер: Мен ашық адаммын.  Адамдармен  жылы қарым – қатынас орнату көптеген мәселелерді    шешуге көмектеседі.  Мен іске жауапты қараймын, тапсырмаларды уақытында орындаймын.  Мен  қаржы түрлерін, бағалы қағаздармен  жұмыс,  инвестиция    түрлерін   жақсы меңгердім.  Университетте оқып жүргенде,  бірнеше рет халықаралық байқауларға қатысып,  жүлделі орындарды жеңдім.

 Жұмыс беруші:  Мына сұраққа жауап  бере аласыз ба: неге біздің  компания сізді жұмысқа  алуы керек?

 Үміткер:  Мен адамдармен жұмыс істей аламын. Ұжымда жұмыс істеуді  ұнатамын.   Менің маман ретінде біліктілігімді, мен  тәжірибемді  жаңа   жұмыс орнында    қолданып көргім келеді.

Жұмысқа қабылдаушы: Сіздің бұрынғы жұмыс орныңызда адамдармен қарым-қатынаста ешқандай қайшылықтар болмады ма? Ешқандай келісімдер  болмады ма?

 Үміткер:  Жоқ, адамдармен   қарым-қатынаста ешқандай    қайшылықтар болған жоқ. Мен қайшылыққа  жол бермейтінмін. Сондықтан өзара келісімдер де болмады.

 Жұмыс беруші: Өзіңіздің жақсы және жаман жақтарыңыз туралы айтыңызшы.

 Үміткер:  Мен ашық, оптимист адаммын.  Адамдармен тез тіл табысамын. Ал жаман жақтарым туралы айтар болсам, мен  қаржы биржалары  туралы  ақпараттарды көп тыңдаймын, оқимын.  Досыммен  қаржы  жаңалықтары туралы сөйлесуді ұнатамын. Сол кезде  мен уақытты, жанымдағы адамдарды,  олардың өтініштерін ұмытамын.  Сөйтіп оларды ренжітемін.

 Жұмыс беруші: Мүмкін, бұл қасиетіңіз сіздің жақындарыңызды ренжітетін шығар. Алайда оның  сіздің  маман ретінде біліктілігіңізге кедергі келтірмейді деп ойлаймын.

 

  1. Сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендіріңіз.
  2. Үміткердің мамандығы кім?
  3. Жұмыс беруші компания немен айналысады?
  4. Үміткердің басты қасиеттерін атаңыз.
  5. Жұмыс беруші сұрақты дұрыс қойды ма?
  6. Тағы қандай  сұрақтар қоюға болады?
  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
  2. Адамдармен жылы қарым – қатынас ……………………………. көптеген мәселелерді    шешуге көмектеседі. 
  3. Сіздің бұрынғы жұмыс орныңызда адамдармен қарым-қатынаста ешқандай ………………………….. болмады ма?
  1. Сіздің ………………………….. туралы  сөйлесу үшін  кездесуге шақырдық
  1. Сіздің маман ретінде біліктілігіңізге ……………………………..деп ойлаймын
  1. Сұхбатты рольге бөліп оқыңыз, ойнаңыз.

2-сұхбат.    Қабылдау бөлмесінде.

  • – Сәлеметсіз бе, менің аты-жөнім Сәлима Болатова. Мен сағат 4-ке сұхбатқа   шақырылған едім.
  • Сәлеметсіз бе, Сәлима!   Иә, сізбен сұхбатты Қанат Асқаров жүргізуі керек. Мен қазір  оны шақырайын. Сіз мына бөлмеге кіріп, күте тұрыңыз.
  • Жақсы, рақмет.
  • Кешіріңіз, Сәлима,сізден сұхбат алатын Қанат Асқаров шұғыл жұмыстармен шығып кетіпті. Қазір сізбен сұхбатты  Жалғас  Аманов жүргізеді. Тағы да  кешірім сұраймыз.  
  • Жақсы.

3-сұхбат.  Кешірім-ескерту

  • Сәлеметсіз бе, менің аты-жөнім Гүлжан Садықова. Бүгін сағат 10-да сұхбатқа шақырылған едім.  Мен белгіленген уақытта келе алмаймын.  Егер мүмкін болса,  кездесуді жарты сағат ілгері    қоюға болады ма?
  • Иә, әрине, болады. Алдын ала ескерткеніңіз үшін рақмет.
  1. 5. Мына сұрақтарды қолданып, жұмысқа қабылдау сұхбатында қойылатын сұрақтар тізімін құрастырыңыз.

Қашан?

Неше?

 Қай жылы?

Немен?

 Қалай?

Қандай?

 Қай?

Не себепті?

Сұхбат түрлері рөлдер бойынша  сипатталып, әр студентке ұсынылады.

1-сұхбат

1- үміткер

  • Cіз ұлттық компанияда жұмыс істегіңіз келеді.
  • Сұхбатқа келдіңіз. Қазақ тілін білу үміткерге қойылатын талаптардың бірі.
  • Жұмыс берушімен сұхбатқа қатысыңыз.

2-жұмыс беруші:

  • Cіз ұлттық компанияда жұмыс істейсіз. Сұхбат жүргізесіз. Үміткерлерге қойылатын талаптың бірі қазақ тілінде сөйлеу, жазу.

2-сұхбат. ( телефон  356- 26-36)

1-студент .Сіз   «Гермес» компаниясына  жұмыс берушімен сұхбатқа келе жатырсыз.Алайда белгіленген уақытта жетеа алмайсыз. Телефон соғып, кешірім сұраңыз. Кездесу уақытын созуды сұраңыз.

( телефон  356- 26-36)

2-студент . Сіз «Гермес» компаниясында менеджер болып жұмыс істейсіз. Сіздің телефоныңыз – 356- 26-36)

  • – сұхбат.

1-студент. Сіз үміткерсіз. Сізді компанияда суық қабылдады. Сізбен сұхбат жүргізуші адам жұмыста жоқ болып шықты.

2-студент .  Сіз компанияның  менеджерісіз. Сіздің компанияңызға жақсы қаржыгер керек. Бос жұмыс орны  туралы ақпаратты сайтқа қойдыңыз, газетке  бердіңіз.  Талабы шет тілін білу, халықаралық компанияларда  жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек.Алайда адамдарды сынағыңыз келді. Үміткерлердің шыдамдылығын, ұстамдылығын қалай тексересіз.

 Тақырып бойынша студенттің алған білімін бекіту және тексеру мақсатында мына тапсырманы орындау ұсынылады.

Сұхбатты толтырыңыз. Рөлге бөліп ойнаңыз.

  • Қайырлы күн, өзіңізді таныстырыңыз.
  • Сәлеметсіз бе, менің атым ….. Мен сіздерде маркетологтың  бос  … …  бар екенін білдім.
  • Иә, біз интернетке хабарландыру бергенбіз. Өзіңіздің …………………….. туралы айтып беріңізші.
  • Мен будапеште экономикалық академияны бұдан екі жыл бұрын бітірдім.
  • Мамандығыңыз бойынша жұмыс тәжірибеңіз бар ма?
  • Иә, мен DANON компаниясында жұмыс сітедім.
  • Ал біздің компанияда не үшін  …………………… келеді?
  • DANON-да ресей компанияларында жұмыс істеген адамды бағалайды. Сондықтан мен DANON-EVIAN –ға ауысу керек деп шештім.
  • Сіз шет тілдерін жақсы  білесіз  бе?
  • Ағылшын, француз, аздап неміс тілін білемін.
  • Офис техникасын жақсы ……………….. бе?
  • Иә, әрине, компьютер, көшірме аппаратымен жақсы жұмыс істей аламын.
  • Сіздің жұмысыңыз іссапармен байланысты болады.  Сіз бұған қалай қарайсыз?
  • Жақсы,

Оқылым.

Ерназарова З.Ш., КИМЭП Университеті, ф.ғ.д., проф.

(1  336 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Ашық сабақ: «Бұқаралық ақпарат құралдары»

Лексикалық тақырып: Бұқаралық ақпарат құралдары Грамматикалық тақырып: Өткен тақырыптарды қайталау Сабақтың мақсаты: Тіл үйренушілердің тілдік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу, сөз саптау,

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.