Қазақ тілін оқытудың когнитивті бағыты

Қазақ  тілі мұғалімінің  педогогикалық мақсаты  мен  оқушының тілді үйрену мақсаты бір бірімен  дәлме- дәл келмеуі мүмкін. Өйткені  оқушының тілді үйрену  үдерісі   өзінің жеке таным әлемінде  іске асады.  Оқушының санасында тіл туралы жүйелі  білім таным үдерісінің заңды нәтижесі ретінде қалыптасуы керек. Ал қазіргі   қалыптасқан оқу үдерісінде  нақты жағдайда  мұғалім ақпаратты дайын түрінде  оқушыға ұсынады. Оқушы  берілген ақпаратты  дербес өзіндік ойлау деңгейлерінен өткізбей дайын күйінде қабылдайды. Білім ұзақ уақытқа сақталып, белсенді құралға айнаулы үшін  ақпарат баланың танымында   ойлау процестері  негізінде табиғи түрде қалыптасып, жүйеленуі керек.  Алайда қазақ тілін үйретуде қазақ тілі оқулықтарын  дайындауда, оқу бағдарламаларын құрастыруда  оқытудың психологиялық негіздері толық ескіріле бермейді. Сондықтан болуы керек қазақ тілі пәні бойынша  қалыптасқан  тілдік білім тіл үйренушінің белсенді құралына айналмай отыр. Белсенді құрал деген сөзді тек тілдің қарым қатынас құралы ретінде  қызмет етуін түсінбеу керек.   Дайын модельдерді  жаттау арқылы да шектеулі сөйлеу  жағдаяттарында қарым- қатынасқа түсуге болады. Бірақ ол тіл үйренушде жүйелі, іргелі , ойлау процесінен өтіп, құрылым ретінде қалыптасқан  ақпарат, білім қоры негізінде  қалыптаспайды.  Қысқа уақытқа жадыда сақталған дайын, ойсыз қолданылатын  формалар ретінде қолданысқа түседі.  Білім алушыда тілдік білім қалыптасуы үшін  оның  таным белсенділігін арттырып,  дайын ақпаратты қабыладушы ғана емес, ойланушы, сараптаушы тұлғаға  айналдыру керек.

  Сондықтан оқыту әдістемесіндегі когнитивті бағытты жаңа инновациялық үдеріс деп қабылдамай,  табиғи таным процесінің орын алуына мүмкіндік беру деп қабылдау керек.  Оқыту тәжірибесі тілді үйретудің адам миында  ментальды құрылымдар табиғи түрде құрылғанда, белгілі  бір нәтиженің болатынын көрсетіп отыр. Ал егер  миға дайын құрылымдарды ғана ұсынатын болсақ, оның тежеуіш реакциясы басым болатынын көрсетіп отыр (Карасик, 2002; Зимняя,2010)

Алайда практикада мұғалімдер бұндай әдістерді қолдануды қолдамайды. Олардың ойынша, сатылы   жұмыс түрлерін орындап отыруға уақыт керек. Ал баланың өзіне зерттеу жұмысын жүргізіп отыруға сабақ уақыты жете бермейді.Сабақ уақыты дағды мен іскерлік түрлерін қалыптастыруға жұмсалуы керек. Шындығында,  егер бала алғашқы сабақтарда-  ақ  тіл туралы өз түсінігін, концепциясын құратын болса, әрине, оған үлкен уақыт керек.Алайда келесі деңгейлерде жаңа материалдарды меңгерту, тіл туралы  жаңа мәліметті ұсыну көп уақыт алмайды. Өйткені жаңа мәліметтер  қалыпатсқан  білім негіздеріне сүйенеді де, баланың оны түсінуі, қабылдауы қиындық туғызбайды.

 Сондықтан тіл туралы білімді ақпарат ретінде ұсынбай,  баланың дербес ізденісі мен ойлауының нәтижесі ретінде қалыптасуына мүмкіндің беретін  оқыту әідстемесін құру керек.

Қазақ тілі сабағында тіл бір жағынан  қарым-  қатынас құралы және үйренуі обьектісі болып табылады.

Когнитивті  ұстаным оқыту  әдістемесіне енгенде,  адамның әлемді тану механизмін  басышылыққа алады. Яғни адам сыртқы дүниеден ақпаратты қалай алады, қалай оны қорытады? Қалай  білім ретінде жинақтайды? Бұның бәрі-   адам миында жүзеге асатын процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы , өңдеуі, сақтауы- өз заңдылығы бар процесс. Адамның сыртқы дүниені қабылдау модельдерін шартты түрде қалпына келтіру негізінде тілді оқыту әдістемесін де модель түрінде жүйелеуге болады. Когниция немесе таным процесі қабылдау, көңіл аудару, жадыда сақтау,  әрекет, шешім қабылдау,  елестету сияқты компоненттерден тұрады. Қазақ тілі грамматикасын ұсынуда осы таным процестерінің өту  мехнаизмін басшылыққа  алу керек.

Тілді оқытудың когнитивті –  психологиялық концептілері

 Оқытудың ассоциативті  теориясы

 Ассоциация дегеніміз байланыс. Оның негізін салғандар ДжЛокк, Я.А.Коменский. Адамның сезімдеріне,көрнекі қабылдауға негізделеді. Оның бірнеше кезеңдері бар:

  • Бірінші кезең: жеке, изоляциядағы білімді алу;
  • Екінші кезең: жеке жүйелі байланыстың орнауы;
  • Үшінші кезең. жүйе ішілік, пән ішілік байланыстардың орнауы
  • Төртінші кезең пән аралық, жүйеаралық байланыстардың орнауы

Білімді меңгеру, оқу материалын меңгеру дегеніміз әртүрлі деңгейдегі ассоциациялық байланыстардың орнауы болып табылады.  Ассоциация ойлауға құрылады. Ал ол үшін   білім алушыға қажетті ақпараттар жеткілікті берілуі керек. Және берілетін ақпаратты қабылдайтындай білім қоры немесе база болуы керек. Онсыз  негізді ойлау, нәтижелі білім қоры қалыптаспауы мүмкін.  Сондықтан  берілетін материал:

  • қолжетімді
  • логикалық байланысты
  • дұрыс қабылдануы
  • білімді белсендіруі тиіс

Оқытуда гештальт теоряны пайдалану  керек.  Ол бойынша   білімді ұсыну, қабылдау, білімді игеру тұтастық  сипатқа ие жүйе ретінде қаралады.   Гештальт теория білімді жүйелі құрылым ретінде қарастыруды,  берілетін ақпаратты үзік бөліктер   түрінде емес, тұтас жүйе ретінде қалыптастыруды талап етеді. Сонда құбылыс туралы білім алушының санасында жүйелі, тұтастық сипатқа ие білім қоры қалыптасады.  Адам танымы бөлшектерді қабыладудан гөрі тұтастықты құруға , оны қабылдауға бейім. Ол  берілген ақпараттан маңызды және маңызды еместі жіктеуге, топтастыруға бейім тұрады.  Тұтастықты іздеуде, қалыптастыруда  адам ойлауына тән ассоциативті  байланыстар орнату жатыр. Ол ассоциативті байланыстар орнатуда  ұқсастықтар мен айрымашылықтарды анықтау немесе ұқсату процестері жатыр.

 Оқытудың концептуалды моделі

 Берілетін ақпарат тірек ұғымдар негізінде диаграмма немесе сызбалар түрлерінде берілсе,  білім алушының  жүйелі әрі ұзақ уақытқа жадыда сақтауын көмектеседі. Сызбалар ақпараттың көшірмесін жадыда сқатауға және қайта жаңғыртуға ықпал етеді.

 Когнитивті бағыттар

 Бұл   бағыт Ж.Пиаже, Л.С.Выготскийдің  теорияларына  негізделеді.  Ж.Пиаже адамның когнивті механизмдері екі әрекетке негізделген деп есептейді. Ол ол адамның сыртқа өмірге бейімделуі. Ассимиляция – жағдайларды ескі сызбаларға икемдеу, аккомодация- адамның ескі әрекеттерді жаңа жағдайға икемдеуі. Осы екі процесс арасандағы тепе -теңдікті сақтауды Ж.Пиаже дамудың көзі деп есептейді.  Басқа сөзбен айтқанда, тәжірибе жинау, өзара әрекеттесу танымды дамытатын, сонымен байланысты тұлғаны дамытатын процестер болып табылады.

 

Тілді  оқытудағы когнитивті  бағыт тілді үйернудің ең тиімді  нәтижелі жолын ұйымдастаруды мақсат етеді.  Тілді үйрену үдерісі де  таным процесіне сай ақпаратты талдаудан, орналастырудан, жүйелеуден, қолданудан, автоматизмге жеткізуден тұрады.  Психологтар тілді меңгеруде ішкі танымдық процестер болады деп есептейді.  Адамның туған тілін меңгеруі сыртқы дүниені танумен қатар жүреді. Тіл әрі танытушы, әрі таным обьектісі ретінде екі қызмет атақарады. Ал екінші тілді немесе шет тілін  меңгеруді туған тілді меңгертуші табиғи процеспен салыстыруға болмайды. Мұнда саналылық компонентті басым болады. Сондықтан  екінші немесе шет тілін меңгергенде, тілдің жүйелі, құрылымдық сипаты грамматикалық категория ретінде   балаға бірден ұсынылуы керек .

Оқушы өз туған тілінің грамматикалық құрылымын бірден түсініп қабылдап кетпейді. Ал туған тілі туралы білімі оның екінші тілді меңгеруіне  негіз болады. Өйткені  оқушыда  тіл туралы жалпы түсінік болады. Екінші тілді үйрену барысында оқушыда қайшылықтар туады. Ең басты қайшылық таным процесі мен тілді меңгеру процесі туған тілді меңгергендегідей  қатар жүрмейді. Бұл қайшылықты шешуге мұғалім тікелей қатысуы керек. Бұл мұғалімнен әдістемелік дұрыс ұстанымды кеерк етеді.  Тіл туралы  түсінік те табиғи жолмен іске асады.

 Оқушы танымында  тіл туралы білім қоры –  концептісі – мына ретпен іске асады:

  • нақты тәжірибе
  • бақылау, рефлексия
  • абстрактілі концептуализация
  • тәжірибеден өткізу
  • қорытындыларға түзету енгізу

 Жаңа сөзді ұсынғанда, ол туралы мүмкіндігінше керекті ақпарат берілуі керек. Оның мағынасы, байланысу, мағыналық қатарлары  туралы ақпарат сөздің оқушы  танымында концептуализациялануын қалыптастырады.

 Келесіде сөзді айту, қолдану әрекеттері іске асады.   Қолдану барысында жаңа сөз оқушының жадында ұзақ сақталады. Бұл  кезеңде төменгі және жоғарғы таным процестері  орын алады.  Оқушы санасында бейне қалыптасады.  Үшінші кезеңде жаңа сөзбен  адам танымында жаңа сөздің айналасыеда ассоциациялық  байланыстар қалыптасады.   Енді ол  баланың санасында, жадында ұзақ уақытқа сақталады.Оқыту үдерісінде  когнитивті процестің реті мен кезеңдерін сақтаған уақытта ғана   мұғалім тарапынан ұснылатын білім, шын мәнінде,  білім ретінде қалыпатсады.  Таным үдерісі  бір бағытта түзу жүретін әрекет емес, ол  адам санасындағы білім түрлерін жаңғырта отырып, жаңа байланыстарды  орната отырып, өріле  отырып жүретін процесс.

 Екінші тілді немесе шет тілін оқытудың когнитивті бағыты  адамның  табиғи танымы процесінің өту сипатын  модельдеуге құрылуы керек. Бұл – универсалды сипатқа ие процестер. Әрине, әр оқушының  дүниені тануының өз ерекшелігі болуы мүмкін. Бірақ  ол   адам психикасымен байланысты аддам танымының универсалды заңдылықтарына  негізделеді. Сондықтан тілді оқыту  мазмұны бала танымы процесінің мына кезеңдеріне негізделуі керек.

  • ұсынылып отырған тақырып немесе мәселемен байлнаысты адам санасында қалыпатсқан білімге талдау жасау, еске түсіру;
  • жаңаны бақылау;
  • ескі білім мен жаңа білім арасындағы сәйкестік пен ерекшелікті, даралқыты байқау;
  • міндеттерді анықтау
  • болдамды ұсыну
  • жаңа білімді концептуализациялау немесе бекіту;
  • жаңа бңлңмдң тәжірибеден өткізу
  • оны өңдеу, реттеу

 Мұғалімнің  оқушыға жаңа білімді алудың осы жолдарын меңгертуі, дағдыға айналдыруы немесе  ойлау  әдістеріне айналдыруы керек. Мұғалім оқушыны  осы әдіс- тәсілдерді қолдануға үйретуі керек.

 Сондықтан мұғалімнің  өзі   оқыту  мазмұны мен әдістерін таңдағанда,  танымның универсалды заңдылықтарына сай құра білуі керек. Мұғалім оқыту  процесінде қолданып отырған әдістерінің баланың таным механизмімен сәйкестігіін анықтауы тиіс. Сонда ғана оқтыу нәтижелі  және тиімді болмақ. Мысалы, жаңа сөзді меңгерту әдісі сөзбен байланысты әртүрлі байланыстарды қалыптастыруға тәуелді.  Ал осы мақсатта әдістемеде қандай  әдістермен ұсынуға болады?

  • классификация жасау
  • категориалды белгілер  бойынша сөзді топтастыру
  • категоризация
  • жалпылау
  • аргументтер беру
  • сөздің мағынасы туралы, оның басқа сөздермен тіркесу мүмкінідігі, сонымен балйнысты мағыналары туралы ақпараттарды қортындылау
  • контексте сөз мағынасын анықтау
  • айтылған тақырыпқа өз көзқарасын,пікірін ұсыну

 

Мысалы, жаңа сөздерді беруді  когнитивті бағыт тұрғысынан  сараптайтын  болсақ, жаттығу түрлері мына міндеттерді іске асыруы тиіс.

  • сөздің когнитивті бейнесін қалыптастыру;
  • сөздің басқа сөздермен тақырыптық, жағдаяттық, контекстік байланысын анықтау
  • оқушының лексикалық материал бойынша болжам жасау іскерлігін дамыту
  • лексикалық креативтілікті дамыту
  • сөйлеу мақсаттарына сай жаңа сөздерді қолдана білу;
  • Сөз мағынасындағы ұлттық компонентті анықтай білу

 Сөзді жадыда сақтау, сөз  бейнесін жадыда  ұстау бойынша жасалатын жаттығу түрлері:

  • ә дыбысы бар сөздерді еске түсір
  • Ы дыбыс екінші буында келетін сөздерді еске түсір.
  • ма/ме сұраулық шылауы келетін    зат есімдерді ата.
  • Сөздерді мағыналарына көңіл бөле отырып, дәптерге жаз.
  • оқу оқыту
  • бару келу
  • бара жатыр барып жүр.
  • Креативті ойлауды дамытатын жаттығу жұмыстары:
  • лық лік жұрнақтары бар сөздерді оқы. Олардың мағынасына көңіл аудар.
  • Мына сөзді мүмкін болатын етістіктермен тіркестір.

 қамқорлық   отбасы    сыйластық

  • Тізімнен «салауатты өмір»   сөзімен тіркесетін етістіктердің астын сыз.
  • салауатты өмір (құру, дамыту, даму, ойлау, ойластыру, салу, тізі, қалыпатстыру,  тұру, сүру)

 Грамматикалық  тақырыптарды  бекіту мақсатында мынадай жаттығу жұмыстарын қолдануға болады:

1.Мына сөйлеу жағдаяттарында қандай грамматикалық форманы қолдану керек. Сөйлеу жағдаяттары мен грамматикалық формаларды сәйкестендір.

 

 Сенің уақытты білгің келді.

 жедел өткен шақтың ды/ді, ты/ті жұрнақтары

Сен  жазғы демалыс туралы айтқың келді

 қалау райдың ғы/гі,қы/кі м кел жұрнақтары

Сен өз тілегіңді, арманыңды айтқың келді

 неше/ қанша болды?

 Сен ертеңгі жоспарың туралы айтып жатырсың

ауыспалы осы шақ

 Сен күнделікті жоспарың туралы айтып жатырсың

 ауыспалы  келер  шақ

 

2.Сөйлемдерді оқы. Оны уақыт  шкаласы бойынша орналастыр.

 

1.      Асқар таңертең ерте тұрды.

2.      Оның мектепке  бәрінен бұрын барғысы келді.

3.      Өйткені оның сыныбы мектепте кезекші.

4.      Асқар жүгіріп автобусқа отырды.

5.      Автобуста ол өзінің сыныптасын кездестірді. Ол да мектепке ерте келе жатыр екен.

6.      Екеуі мектепке келді.  Кезекшілердің  белгілерін  қолдарына тақты.

7.      Есіктің алдында тұрып, келген мұғалім, оқушылармен аманадасып жатыр. 

8.      Енді он минуттан кейін қоңырау соғылады. 

9.      Қоңыраудан кейін мектепке келген оқушыларды  дәптерге жазып алады.  

10.  Қоңырауға бес минут қалды.

11.  Оқушылар асығыс мектепке кіріп жатыр.

12.  Бір кезде сынып жетекшісі келді.

13.  Ол Асқарға алғыс білдірді. Жұмысқа жауапты қарау өте жақсы қасиет.

 

 

 

өткен шақ                осы шақ                         келер шақ

 

  1. Нақ осы шақ формаларын пайдалана отырып, сурет бойынша әңгіме құрастыр.

 

1.Карасик, В. И. Языковой круг: личность, концепты, дискурс. Волгоград: Перемена, 2002. — 357 с.

2.Зимняя, И. А. Педагогическая психология. — М.: Издательство МОДЭК, 2010. — 448 с.

3.Основные направления в методике преподавания иностранных языков в XIX — XX веке / под. ред. Рахманова И. В. — М.: Педагогика, 1972.

(714 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Мына жағдайларда бастауыштан кейін сызықша қойылады:Бастауыш Баяндауыш Мысалдар Бастауыш Баяндауыш Мысалдар зат есім Атау септіктегі зат есім Қазақстан — жас

Есімше (Причастие)

Есімше – етістіктерше де, есімдерше де түрленетін және солардың қызметін атқара алатын етістіктің бір түрі. Есімшенің жұрнақтары: Дағдылы: атын, етін,

Етістіктің шақтарын оқыту жолдары

Есенова Ақгүлім Асыланбекқызы. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, филология факультеті Етістіктің шақтарын оқыту жолдары Етістік – тіліміздегі сөз таптарының

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.