Суретшілер байқауы жалғасуда

ЖАҢА БАСТАМА НАУРЫЗҒА ШЕЙІН ЖАЛҒАСАДЫ!

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасының 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен суретшілер арасында байқау өткізілген болатын.
Байқаудың басты мақсаты кейіпкерлердің сыр-сипаты, мінез-құлықтары суреттелген көпнұсқалы фольклорлық мәтіндердің негізінде әзірленген сипаттамаларды басшылыққа ала отырып, мифтік кейіпкерлердің ұлттық колориті сақталған, бірізге түскен портретін салғызу болып табылған еді.
Дайын материалдар бойынша суретшілер байқауын ұйымдастыру үшін келесі қадамдар жасалды:
• фольклорлық кейіпкерлердің сипаттамалары берілген көркем мәтін мен ақпараттық хат сайтқа орналастырылып, суретшілерге сол мәтін бойынша кейіпкерлердің портретін жасау ұсынылды;
• осы салаға еңбегі сіңген тұлғалардың (суретшілер, аниматорлар, мүсіншілер, фольклортанушы, дінтанушы ғалымдар, жазушылар және т.б.) келісімі алынып, салиқалы қазылар алқасы құрылды;
• мифтік кейіпкерлерді біріздендіру үшін суретшілер арасында ашық байқау жарияланып, әр кейіпкердің жеке портреті анықталды;
• байқау материалдары www. tilortalyq.kz сайтында жалпы жұртшылық тарапынан ашық дауысқа түсті. Байқау жеңімпаздары ғаламтор арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде алған ұпайлары мен қазылар алқасының берген ұпайларының жиынтық балына сәйкес айқындалды.
Байқауға қатысқан 124 үміткерлерден тізім бойынша берілген 34 мифтік кейіпкерді сипаттаған 291сурет келіп түсті. Бұл суреттердің ішінен мәтінге сәйкес келетін 164 сурет іріктеліп алынып, байқау ережесінің талабына сай www. tilortalyq.kz сайтында жарияланды.
Қазылар алқасының төрағасы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Керім Шамшәдин Тұрсынұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академияcы «Кино және тв» факультеті, «анимациялық режиссура» кафедрасының меңгерушісі Намазбеков Нұрбақыт Қожақметұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абай ғылыми-зерттеу институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ыбырайым Бекен Бекмұратұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы жобаның ғылыми жетекшісі Сейітжанов Зұфар Нұрсапаұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Дәрібаев Самалбай Дәрібайұлы, Қыздар педагогикалық университеті «Кәсіптік білім» кафедрасының оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрғынбаев Марат Еңсебекұлы, Ш.Айманов атындағы Қазақ фильм киностудиясы «Киноанимация» бөлімінің қоюшы режиссері, суретші-аниматор Тұрдыбек Майдан қазылар алқасы ретінде бекітілді. Фольклортанушы және дінтанушы ғалымдар, суретші – аниматорлардан тұратын 7 адамнан құрылған қазылар алқасы ЖЕЗТЫРНАҚ, ДИЮ, ШОЙЫНҚҰЛАҚ, ЖЕЛАЯҚ, ЖАЛҒЫЗ КӨЗДІ ДӘУ, МЫСТАН, СЕКСЕК АТА, ҚАРА ДӘУ, ҚАҢБАҚ ШАЛ, ҮЛКЕН, ОРТАҢҒЫ, КІШІ ДӘУЛЕР, ТОЛАҒАЙ тәрізді мифтік бейнелердің портреттері сәтті салынған, біріздендіру үшін ұсынуға болады деген шешім шығарды.
Ал мәтіндік сипаттамалары бар қалған мифтік кейіпкерлерді портреттеу ісі наурыз айына дейін созылсын деген ұсыныс қабылданды.
Құрметті, оқырман!
Мифтік бейнелерді, эпос қаһармандарын, аңыз кейіпкерлерін кезең-кезеңмен біріздендіруді көздейтін ауқымды жобаға өз қолтаңбамды қалдырам десеңіз төмендегі мекенжайға хабарласуыңызды сұраймыз:
Қазақстан Республикасы 010000
Астана қаласы
Сауран көшесі 7А
1 қабат, 6-кабинет.
Тел.: 8(7172) 40-83-93
Ұялы тел.: 8 708 623 32 89; 8 701 915 67 76
lingvo@ tilortalyk.kz электрондық поштасы

(387 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

«БАҚ және тіл мәдениеті» семинар-тренингі өтті

​Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық

«Алаш» партиясы туралы бірер сөз

Абайдың «Болды да партия, ел іші бүлінді» дегені – жікшілдік туралы сөз. «Алаш» партиясы, керісінше, ұлтты бір мақсат, бір мүдденің

«Тіл мерейі» байқауы семинар түрінде өтеді

Қазақ елі Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылдың 24

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.