«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты суретшілер арасында өткізілген республикалық байқаудың қорытындысы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігі 

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті

Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық  үйлестіру-әдістемелік орталығы

«Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты суретшілер арасында өткізілген республикалық байқауды қорытындылау шарасының

                                                   № 1 ХАТТАМАСЫ

 

Алматы қаласы                                                                     2  желтоқсан  2015 ж

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы                                                                 

Барлығы:  10 адам

 

Қатысқандар:

Қазылар алқасының төрағасы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Керім Шамшәдин Тұрсынұлы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академияcы «Кино және тв» факультеті, «анимациялық режиссура» кафедрасының меңгерушісі Намазбеков Нұрбақыт Қожақметұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Абай ғылыми-зерттеу институтының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ибрайым Бекен Бекмұратұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы жобаның ғылыми жетекшісі Сейітжанов Зұфар Нұрсапаұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Дәрібаев Самалбай Дәрібайұлы, Қыздар педагогикалық университеті «Кәсіптік білім» кафедрасының оқытушысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Тұрғынбаев Марат Еңсебекұлы, Ш.Айманов атындағы Қазақ фильм киностудиясы «Киноанимация» бөлімінің қоюшы режиссері, суретші-аниматор Тұрдыбек Майдан, Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, хатшы – Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, Лингвистикалық зерттеулер бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Жайлауова Салтанат Хамзақызы 

КҮН ТӘРТІБІ:

І. Мифтік кейіпкерлердің сыр-сипаты, мінез-құлықтары суреттелген көпнұсқалы фольклорлық мәтіндерге түрлі талдаулар жасаудың негізінде даярланған сипаттаманы басшылыққа ала отырып салынған суреттердің ішінен жекелеген мифтік кейіпкерлердің ұлттық колориті сақталған, бірізге түскен портретін таңдау.

ІІ. Таңдалған портретті кітап ретінде шығарып, фольклортану, әдебиеттану, теология, этнография, анимация салаларының мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, оқулық авторлары мен әдіскерлерге пайдалануға ұсыну. 

ТЫҢДАЛДЫ:

Керім Шамшәдин Тұрсынұлы, филология ғылымдарының докторы:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Лингвистикалық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінен «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобаны орындауға тапсырыс алған екен. Осы жобаның орындалу барысының 2015 жылғы нәтижесі бойынша қорытынды шара ретінде суретшілер арасында байқау ұйымдастырылыпты. Байқаудың мақсаты, қатысушылары, жалпы ұйымдастырылу барысы туралы жоба идеясының авторы Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлын тыңдайық.

СӨЗ БЕРІЛДІ:

Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, филология ғылымдарының кандидаты:

Өздеріңізге белгілі, кейіпкердің мәтінге сай бейнеленбеуі әлі күнге дейін қазақ әдебиетінің, сондай-ақ қазақ өнерінің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Жаһандану кезіндегі құндылықтардың өзгеруінен қоғамдағы ұлттық тұтастық бұзылып, жастардың рухани қажеттіліктерінің батыстық мәдениетке қарай ауып бара жатқаны ащы шындық.

 Тәрбиенің белгілі бір идеалға сүйеніліп жүргізілетіндігі белгілі. Ол нақты бір кезеңде белгілі бір мәдени-әлеуметтік ортада өмір сүретін адамның образы болуы тиіс. Ақпараттар тасқыны арқылы жас ұрпақ санасына сіңіп жатқан шетелдік жасанды кейіпкерлерге қарағанда, тәрбиелік мәні зор өзіміздің ұлттық кейіпкерлерді идеалға айналдырған жөн. Қазіргі біздің халық ауыз әдебиетіндегі ұлттық тәрбиеге берері ұшан теңіз керемет кейіпкерлер бала санасына жетпей, том-том болып шаң басып, оқылмай, ашылмай, мұражайдың қол тигізбейтін нәрсесіне ұқсап сөрелерде жиналып тұр.

Өзіміз «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы қаржы бөліп шығарған жүз томдық бабалар сөзін бала санасына жеткізу үшін  бала күнде қолданатын электронды құралдарға енгізу бүгінгі күннің басты міндеті болуы тиіс. Берісі, ертегінің сюжеттерін монитордан көретіндей етіп аудио жинақтар шығару, арғысы, қазақ ертегілері желісімен мультфильмдер жасау бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Бірақ ең бастысы, ертегінің кейіпкері мультфильмде де, ертегі кітаптарда да, ойыншық-фигураларда да, оқулықтарда да бір кейіпте, бір образда болуы тиіс. Яғни, ең алдымен әр кейіпкердің портреті жасалуы керек. Оларды оқулық, жинақ, мультфильм түрінде шығаратын шығармашылық топтар осы прототиптен ауытқымауы керек. Сонда қазақ баласы өз кейіпкерлерін қайда көрсе де жазбай танитын болады. Сондықтан инновациялық технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында халық ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлерді біріздендіру шараларын ұйымдастыруды қолға алған болатынбыз.

Ғылыми жоба үш жылға жоспарланып, мифтік бейнелерді, эпос қаһармандарын, аңыз кейіпкерлерін кезең-кезеңмен біріздендіру жолға қойылып отыр. Зерттеудің бірінші кезеңінде көпнұсқалы фольклорлық мәтіндерден мифтік кейіпкерлердің сыр-сипаты, мінез-құлықтары суреттелген тұстары жинақталып, талдаулар жасалып, кейіпкерлердің ұлттық колориті сақталған, бірізге түскен портретін салғызу үшін суретшілерге сипаттамалар әзірленді.

Сипаттаманы әзірлеу барысында төмендегі жұмыс түрлері орындалды:

  • қазақ фольклорының түрлі жанрларындағы басты кейіпкерлер анықталып, олардың тізімі жасалды;
  • көпнұсқалы фольклорлық мәтіндерге шолу жасау арқылы, кейіпкерлердің сипаттамасы берілетін, мінез-құлқы ашылатын тұстары терілді;
  • таңдап алынған кейіпкерлерге генеологиялық және типологиялық талдаулар жасалды;
  • фольклортанушы ғалымдардың зерттеу еңбектері, осы салаға қатысты пікірлері, ғылыми мақалалары мен монографиялары зерделенді;

 Дайын материалдар бойынша суретшілер байқауын ұйымдастыру үшін келесі қадамдар жасалды:

  • фольклорлық кейіпкерлердің сипаттамалары берілген көркем мәтін мен ақпараттық хат сайтқа орналастырылып, суретшілерге сол мәтін бойынша кейіпкерлердің портретін жасау ұсынылды;
  • осы салаға еңбегі сіңген тұлғалардың (суретшілер, аниматорлар, мүсіншілер, фольклортанушы, дінтанушы ғалымдар, жазушылар және т.б.) келісімі алынып, салиқалы қазылар алқасы құрылды;
  • мифтік кейіпкерлерді біріздендіру үшін суретшілер арасында ашық байқау жарияланып, әр кейіпкердің жеке портреті анықталды;
  • байқау материалдары www. tilortalyq.kz сайтында жалпы жұртшылық тарапынан ашық дауысқа түсті. Байқау жеңімпаздары ғаламтор арқылы ашық дауыс беру нәтижесінде алған ұпайлары мен қазылар алқасының берген ұпайларының жиынтық балына сәйкес айқындалды.

Енді нақты тоқталсақ:

Келіп түскен суреттер саны: 291

Қатысқан суретшілер саны: 124

Байқау ережесінің талабына сай іріктеліп алынған суреттер саны: 164

Іріктелген суретшілер: 50 адам

Байқауға дербес суретшілер, жалпы білім беру және қосымша білім беру ұйымдарының бейнелеу және сурет пәндерінің мұғалімдері, оқушылар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, Суретшілер одағының мүшелері қатысты.

         Лэд экраннан слайд арқылы байқауға келіп түскен суреттер мифтік кейіпкерлердің тізіміне сәйкес көрсетіліп тұрды (Слайд хаттаманың соңына қоса тіркеледі). Әр сурет көрсетілгеннен кейін қазылар алқасы оны талқылап, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді, қажетті жерлерінде сын айтты.

ЖАРЫССӨЗ:

 Байқауға келіп түскен суреттерді сараптау барысында қазылар алқасының мүшелері тарапынан төмендегідей сын-пікір, ескертпе, ұсыныстар айтылды:

  1. Келіп түскен суреттердің көпшілігінде өкінішке орай образ ашылмаған. Сурет пен мәтін арасындағы байланыс аз. Суретші мәтінді емес өз қиялын басшылыққа алған.
  2. Қазақ фольклорындағы ергежейлі тәрізді кең тараған кейіпкерлерді біріздендірілетін бейнелердің қатарына қосу керек.
  3. Жобаға кәсіби суретшілерді тартқан дұрыс.
  4. Мифтік кейіпкерлерді біріздендіру мәселесі бойынша байқауды наурыз айына дейін созған жөн.

ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен Әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері мен пәнаралық зерттеулері нысаны бойынша 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру негізінде орындалып жатқан «Инновациялық технологияларды пайдалану арқылы фольклорлық кейіпкерлерді біріздендіру» атты ғылыми жобасы барысында кейіпкерлердің біріздендірілген кескіні ретінде төмендегі жұмыстар ескертулер мен түзетулерді қабылдай отырып бекітілсін:

1.1. Жезтырнақ

moonsulu кілт сөзімен белгіленген портрет пен Kamilla Moon кілт сөзімен берілген портретті біріктірсе отырып,  Жезтырнақтың сұлбасын қабылдауға болады, алайда төмендегі ұсыныстар ескерілуі тиіс:

  1. Көйлектің жеңі ұзын, мөлдір болуы керек, яғни жезтырнақтың ұзын тырнақтарының ұшы көйлектің жеңінен білінер-білінбес шығыңқырап тұруы, бірақ өткірлігі, қарулылығы мен-мұндалап тұруы тиіс.
  2. moonsulu кілт сөзімен белгіленген суреттегі кейіпкердің жас мөлшері балаң қыз баланы береді, ал Kamilla Moon кілт сөзімен берілген суретте 28-30 жас шамасындағы сұсты әрі сұлу келіншек сомдалған. Екінші суреттегі сұлулық пен сұстылық мәтінге сай. Алайда кейіпкердің мұрнын өткірлеп, жез тұмсық тәріздендірген дұрыс болар еді.

1.2. Дию

Әл-Еміл кілт сөзімен белгіленген нұсқасын төмендегі өзгерістермен  қабылдауға болады:

  1. Диюдың басындағы тақиясы парсы, иран мәдениетінен хабар беру керек.
  2. Диюдың екі аяғы салынуы керек.
  3. Оның дене тұрпаты үлкен болып, адам оның қасында құмырсқадай көрінуі тиіс

1.3. Шойынқұлақ

Бөпе  кілт сөзімен белгіленген нұсқасын мәтінге сәйкес өзгерістер енгізілгеннен кейін қабылдауға болады.  

1.4. Желаяқ

Алтын-Тау кілт сөзімен белгіленген нұсқасын төмендегі өзгерістермен  қабылдауға болады:

  1. Желаяқтың екі адымының арасына таулы-тасты, орман-тоғайлы елді мекенді орналастырып салған дұрысырақ.
  2. Басындағы бөркін көкпаршылар тартатын орамалға ауыстырған дұрысырақ.
  3. Аяғына қазандай қара тас байлап қою керек.

1.5. Жалғыз көзді дәу

ТБС кілт сөзімен белгіленген нұсқасын төмендегі өзгерістермен  қабылдауға болады:

  1. Сырғаларын шешу керек. Иллюстративный 80 жылдары шыққан Қоңыратбаевтың «Қорқыт ата» кітабындағы бейнемен салыстыра отырып жетілдіру керек.

1.6. Мыстан

Baglan.i  кілт сөзімен белгіленген портретті мәтінге сәйкес өзгерістер енгізілгеннен кейін қабылдауға болады. Атап айтқанда, төмендегі ұсыныстар ескерілуі тиіс:

  1. Мыстанның шашы ұйысып, киіз тәрізденіп, кір-қожалақтанып жатуы керек.
  2. Өзі өте жүдеу болу керек
  3. Қабағы қатулы, кескінінен бүкіл әлемді жек көрушілік, жақтырмаушылық сезіліп тұруы тиіс

1.7. Сексек ата

Әл-Еміл кілт сөзімен белгіленген нұсқасын төмендегі өзгерістермен  қабылдауға болады.

  1. Сексек атаның басындағы мүйізін алып тастауы керек

1.8. Қара дәу

Жанерке кілт сөзімен белгіленген нұсқасын төмендегі өзгерістермен  қабылдауға болады:

  1. Дәудің құлағын аздап кішірейту керек.
  2. Мойнын жуандатып, аздаған құбыжықтық сипат беру керек.crfy 12233
(436 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

​Ұлттық код – тіл мен діл

Бүгінгі жастар кешегі ата-баба аманатын арқалаушы буын. Ол аманат – Алтай мен Атырау арасындағы ұлан-ғайыр жер. Кіндік қанымыз тамған Отанымыздың

«Этносаяси сөздік» оқырманға таныстырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Сұхбат» залында 2015 жылдың 3 ақпанында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

​Мәдени-тілдік бой үйрету сабақтары

Елімізде ұлттар мен ұлыстар татулығы мен ынтымағын, тұрақтылығын сақтауға ерекше көңіл бөлінген. Ол – жан-жақты бағыт-бағдарды талап ететін үлкен жұмыстың

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.