Пунктуациядан өткенді қайталау

Тақырыбы:

Пунктуациядан өткенді қайталау

Жалпы мақсат:

Білімділігі: оқушылардың   тыныс белгілері туралы  түсінігін кеңейту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, оқушы білімін есепке алу.

Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту, ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, тіл байлығын жетілдру.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептіліке, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу, өз елін, тілін сүюді үйрету.

Оқыту нәтижесі: Пунктуация тақырыбын қаншалықты меңгергендігін байқай отырып, білім сапасын жетілдіру. Тестпен жұмыс жасай білу

Түйінді идея: Тыныс белгілерін жетік меңгерудің оқушылардың білім деңгейінің артуына тигізер әсері мол.

Әдісі Интерактивтік тақта, таныстырылым, постер, маркер,  бағалау парақшасы, үлестірмелі қағаздар, смайликтер, домино парақшасы, блутак, iPAD, жапсырма қағаздар  

Ресурстар Топпен жұмыс, БЛУМ токсономиясы, ой шақыру, ой қозғау, ой толғаныс, ой дамыту, ой жинақтау, «Домино», «Таразы», «Алтын сандық», «Айтарым бар», «Зерде», «Құнарлы ой», «Динамикалық шеңбер», «Білім ағашы» 

Сабақ кезеңдері                              Мұғалімнің әрекеті                                   Оқушының әрекеті

Уақыты

Кіріспе.

Оқушылар арасында психологиялық  ахуал туғызу

 

3 минут

 

 

а) топты 3-ке бөлу. Оқушыларға ? белгісі, ! белгісі,  .  белгісі бар қағаздар таратылады. Оқушылар әр тыныс белгісін таңдай отырып, үш топқа бөлу.

Психологиялық анықтама:

  Сұрау белгісін таңдаған оқушылар алдына мақсат қоймас бұрын бұл әрекетімнің нәтижесі қаншалықты жетістікті болады деген сұрақты өзіне жиі қояды. Бастаған ісінің нәтижелі болған, болмағанына қарамастан соңына дейін жеткізуге тырысады.

  Леп белгісін таңдаған оқушылар өз істеріне мейлінше сенімді, қызуқанды, сонымен қатар, алдына қойған мақсатқа қол жеткізе білетін жандар.

  Нүктені таңдаған оқушылар сабырлы, өзгенің ойын тыңдай отырып, өзін де тыңдата біледі. Бастаған жұмысы көбіне жетістікті болады.

Оқушылар алдымен бір-бірімен амандасады.

 

 

 

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

 Өздерінің психологиялық жай-күйін біледі.

Бір-біріне ұқсас оқушылармен топтаса отырып, жайлы ахуал қалыптасады.

І . БІЛУ

10 мин.

 

 

«Ой шақыру»

 «Домино» әдісімен өткен материалдар қайталанады.

Прези арқылы  «Таразыға» салынып, дұрыс жауап тексеріледі.

Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы тыныс белгісіне қатысты болады.

Бүгінгі сабағымыздың мақсатын айту.

Оқушылар сауалдарға жауап береді.

 1-топ пунктуация ұғымын; 2-топ тыныс белгі  ұстанымдары туралы; 

3-топ тыныс белгілер қызметін бір-біріне сұрақ етіп жазады.  Доминоны келесі топтарға береді.

 ІІ. ТҮСІНУ

 6 мин.

«Ой қозғау»

 І. «Алтын сандық»

Бейнесюжет арқылы білім толықтыру;

ІІ. Алтын сандыққа не салатындықтарын  дәптерге жазу.

ІІІ. ТЕСТ

 

Топ берілген сауалдарға өз беттерімен жауап береді.

ІІІ. ҚОЛДАНУ

 

7  мин.

 

Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс

Кілт сөзі: «Айтарым бар»

 І топ.  Тыныс белгілер туралы ертегі құрастыру;

ІІ топ. Леп белгілер арқылы өлең құрастыру.

ІІІ топ. Тыныс белгінің адам өміріне қажеттігі туралы аңыз құрастыру.

 

Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша шығармашылық жұмыс жасайды. Презентацияларын қорғайды.

ІҮ. ТАЛДАУ

6 мин.

 

 

 

 

 

 

Ой дамыту

І топ. «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің тыныс белгілерін қойыңыз.

Бүгінгі елдің тірлігін  кәсібін көп сынаған Абайға Қадырбай жаңағы бір кезде

Ендеше өзің не дейсің Елді бұдан былай немен ел бол дейсің Сынадың мінедің ғой Ал енді шығар жолың бар ма Соныңды атап көрші деген

ІІІ топ. Төмендегі бағандарды жұптастырыңыз.

Нүкте

Автор сөзінен кейін келген төл сөз

Қос нүкте, тырнақша

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас

Сызықша

Екпінсіз айтылған бұйрықты сөйлем

Үтір, сызықша

Нақыл сөздердің авторы

Сұрау белгісі, леп белгісі

Өз ішінде үтірлері бар айқындауыш мүше

Жақша, нүкте

Лепті интонациямен айтылған сұраулы сөйлем

Оқушылар үлестірмелі қағаз арқылы берілген сөйлемдердегі тыныс белгілерін қойып түсіндіреді.

ІІ топ. «Иә. Жоқ.» жауабын беріңіз.

1.  Пунктуация жазу тіліне қызмет етпейді.

2.Драмалық шығармада ремарка жақшаға алынады.

3.      Егер тыныс белгілері дұрыс қойылмаса, мәтінді оқу қиын.

4.      Нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі сөйлемнің ішіне қойылады.

5. Үтір, қос нүкте, жақша, тырнақша, сызықша ерекшелеуші қызмет атқарады.

6. Тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою мағыналық принципке жатады.

7.Айтылуға тиісті ой айтылмай қалғанда, үтір қойылады.

8. Қос сөздерге сызықша қойылады.

Ү.ЖИНАҚТАУ

7  мин.

 

 

 

«Құнарлы ой»

iPAD арқылы тест орындау:

1.      Абай әр қуыстың қалауын сылауын биігін енін өзі берген үлгісін еске түсіре салыстыра сынап келеді.

Қай белгінің орнына үтір қойылмайтынын табыңыз.

A)   

B)   

C)   

D)   

E)    

2.    Сөйлемде тыныс белгісінің неше түрі жазылмаған?

Балтабай баламмен ақылдасайын деді.

A) 3

B) 4

C) 2

D) 5

E) 1

3.    Қайсысы ойдың ара жігін ажырату қызметін атқаратын тыныс белгілеріне жатпайды?

A) үтір (,)

B) қос нүкте (:)

C) нүктелі үтір (;)

D) үтір сызықша (,–)

E) сызықша (–)

4.    Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздерге қатысты қандай тыныс белгісі қойылады?

A) тырнақша

B) жақша

C) сызықша

D) сұрақ белгісі

E) жақша ішіндегі сұрақ белгісі (?)

5.      1) Е 2) бұл ағайын қашанда болғанды 3) толғанды көре ала ма 4) 5)

Нөмірленген жерлерге сәйкес келетін тыныс белгілердің қатарын көрсетіңіз.

 

1

2

3

4

5

A)      

?

:

,

.

.

B)      

,

,

!

?

C)      

!

,

:

«»

.

D)      

«»

!

?

.

:

E)      

:

,

()

!

.

6.    Оқшау сөздің сирек қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) леп белгісі  B) сұрақ белгісі

C) қос нүкте     D) сызықша

E) тырнақша

Оқушылар iPAD арқылы тапсырмаларын тексеріп,  ұпайын қояды.

«Тыныс белгілер ақылын» тыңдау

 

VІ. БАҒАЛАУ

5 мин.

 

 

Үйге тапсырма: Тыныс белгілері туралы ережелерді қайталау,  тест орындау.

Бағалау: Ең жоғарғы ұпай  жинаған оқушылардан бастап, деңгейлеріне қарап бағалаймын.

«Білім ағашы» арқылы кері байланыс алу.

№10 дарынды балаларға арналғанЕсбосын Нағиша Қожаққызы

Қызылорда облыстық қазақ-түрік лицейі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

(1  782 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Таңбалар:
Пунктуация

Ұқсас мақалалар

Сабақтың тақырыбы:  Достық – татулық тірегі (А2 деңгейі) Сабақтың мақсаты: еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.