Сабақтың тақырыбы:  Достық – татулық тірегі (А2 деңгейі)

Сабақтың мақсаты: еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің саяси тұрақтылығын қамтамасыз етудегі алатын орнын көрсету. Оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым әдістері арқылы сөйлеу және жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойландыру, тыңдау,  оқу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекі құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, бейнекөрініс, слайд, үлестірмелі  қағаздар, сөздіктер

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Қызығушылықтарын ояту кезеңі                         

                                      III. Жаңа сабақ

                                            Оқылым

                                            Жазылым

                                            Тыңдалым

                                            Айтылым

  1. Сергіту сәті
  2. Сабақты қорытындылау
  3. Үйге тапсырма

 

 І. Ұйымдастыру кезеңі

а) тыңдаушылармен сәлемдесу;

ә) тыңдаушыларды түгендеу;

б) тыңдаушыларды сабаққа бейімдеу.

 

  1. Қызығушылықтарын ояту кезеңі

Бейнекөрініс көрсетіледі

  • Бейнекөріністен нені байқадыңыздар?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын атаңыз?
  • Сіз достық ұғымын қалай түсінесіз?
  • Біздің елдегі халықтардың достығы қандай?

 

Достық ұғымын топтастырыңыз

                                         Достық

 

Жаңа сөздер

достық

дружба

бірлік

единство

бедел

авторитет

бейім

наклонностьсклонностьспособность

ынтымақтастық

единодушиесогласованность

ұйымшылдық

организованностьсплоченностьспаянность

сенім

доверие

парыз

долгобязанность

 

III. Жаңа сабақ

Оқылым
Елена (орыс ұлтының өкілі)

Ең алдымен, Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма мақтанамын. Біз мұнда достықта өмір сүрудеміз. Қазақ елінен ауыр сөз естіген емеспіз. Мен еліміздің амандығын, гүлденуін тілеймін.

Рашид (түрік ұлтының өкілі)

Бүгінде бүкіл әлем Қазақстаннан үлгі алуына болады. Өйткені қазақ елінің достығы, бірлігі мықты. Қазақстанның халықаралық беделін одан әрі арттырамыз!

Константин (кәріс ұлтының өкілі)

Қазақстан Республикасында тұратынын мақтан тұтатын ұлттың бірі – біздер кәрістер. Дініміз бөлек болса да қазақ тілін үйренуге балалаларымызда бейім. Қазақ жеріндегі жақсы тұрмысымыз туралы бауырларымыздан жиі естейміз. Біз достығымыз жарасқан елміз. Жасасын Қазақстан!

      Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары ұлтына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін берік ұстанымға айналып отыр. Оның негізі болған Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20-ға толды.

      Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

  • Орыс ұлтының өкілі Елена нені мақтан тұтады?
  • Түрік ұлтының өкілі неге уәде берді?
  • Қазақстан халқы Ассамблеясына қанша жыл толды?

 

Жазылым

1-тапсырма. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән әріптерді қойып жазыңыз

Досты…  (ұ, қ, ғ)

б…рл…к (ү, қ, і)

 …лт (і, ұ, ү)

 ынтыма… (ұ, қ, ү)

 сен…м (ғ, і, ү)

 …йымшылды… (ғ, ұ, қ).                                                                 

                                                                                                                                                           2-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіз

Қазақстан

мықты

Достығымыз

сүру

Бірлігі

жарасқан

Достықты

Республикасы

Қазақстан

сақтау

Өмір

халқы

 

3-тапсырма. Сөйлемді дұрыс аяқтаңыз

  1. Қазақстан Республикасының азаматы болғаныма /мақтанбадым/ мақтанамын.
  2. Қазақ елінің достығы, бірлігі /мықты, мықты емес/
  3. Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақтастықта, достықта өмір сүретіні /белгісіз, белгілі/
  4. Біз достығымыз жарасқан /елміз, ел емеспіз/

4-тапсырма. Сөздермен  сөз тіркестерін немесе сөйлем құраңыз

Достық, сенім, ынтымақ, бірлік, ұйымшылдық

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Тыңдалым

– Сіз қай мемлекетте тұрасыз?

– Мен Қазақстан Республикасында тұрамын.

– Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

– Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

– Қазақстан халқы қалай өмір сүреді?

– Бірлікте, достықта өмір сүріп, еңбек етуде.

– 2015 жыл Қазақстан үшін қандай жыл болды?

– Бұл жыл еліміз үшін жаңалыққа толы болды. Атап өтетін болсам Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл, Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл және Қазақ хандығына 550 жыл толып, кең көлемде аталып өтілуде.

 

1-тапсырма. Естіген ақпаратты пайдаланып, Қазақстан Республикасында қандай  мерекелер тойлануда, айтыңыз.

2-тапсырма. Тыңдаған диалогыңыз бойынша көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойыңыз

          Елімізде … астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясына … жыл. Ұлы Отан соғысының жеңісіне … жыл. Қазақстан Республикасы Конституциясына … жыл Қазақ хандығына … жыл.

Айтылым

«Көңілді шарлар» әр тыңдаушы өзіне  ұнаған шарды таңдап, ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Тапсырма.

  • Досыңыз туралы айтыңыз.
  • Сіздің өзге ұлт өкілдерінен досыңыз бар ма, қай ұлттың өкілдері?
  • Достық туралы қандай мақал-мәтел білесіз?
  • «Друг» сөзінің орысша аудармасы қандай және антонимін айтыңыз
  • Жақсы дос қандай болады?

 

Сергіту сәті

Шаттық шеңбері

       «Жүректен жүрекке» тыңдаушылар шаттық шеңберіне жиналып, жүрекшені бір-біріне ұсына отырып, «Достығымыз …» ойын жалғастырып тілектер айтады.

Мысалы:

Сабақты қорытындылау

Кестені  толтырыңыз

білемін

білмеймін

білгім келеді

 

 

 

Үйге тапсырма

  • жаңа сөздерді жаттау;

достық туралы мақал-мәтел жаттау

Бахытбек Шынар Бахытбекқызы,

Жамбыл облысы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының»

аға ғылыми әдіскері

(645 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Тілдер еліне саяхат

Ақмола облысы Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Мадиева Айман Кәрібайқызы
Cабақтың тақырыбы: Тілдер еліне саяхат.

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.