«Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді

Медициналық терминдерді біріздендіру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, 2015 жылғы 12 маусымда «Медициналық терминдерді біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсат-міндеттердің бірі терминологиялық лексиканы біріздендіру, қазақ терминдерінің реттелген қорын  қалыптастыру болып табылады. Терминологиялық қорды жетілдіру салалық терминдердің сапасын арттырумен, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жандандырумен тікелей байланысты.

Бүгінгі таңда медицина саласының терминдерін жүйелеуге жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді біріздендіру, оларды қазақ тілінің нормаларына сәйкес ретке келтіруге қатысты мәселелер туындап отыр.

Осы ретте медициналық терминологиядағы қордаланған мәселелерді талқылау мақсатында іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшелері, тіл және медицина саласының ғалымдары, орталық атқарушы органдардағы тіл саласына жауапты құрылымдардың басшылары мен мамандары, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылып отыр.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге ұсыныстар берілетін болады.

(267 рет қаралды, бүгін 1 рет)



Ұқсас мақалалар

Жаңа сөздік жасау – заман талабы

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, академик, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті: Кез келген тілдің қанат жайып, өрістеуі үшін оның бірнеше шарттары бар. Солардың бірі

Петропавл қаласында «Тіл – татулық тірегі» этнос жастарының республикалық форумы өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылғы

Түркі әлемінің дүлділі Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы атап өтілді

Астанада Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен заманымыздың заңғар жазушысы, түркі әлемінің біртуар тұлғасы Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жылдығы

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.