Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және терминдерді біріздендірудің жолдары

IMG-20150113-WA00032014 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында іс жүргізушілер мен аудармашы мамандарға арналған  «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және  терминдерді  біріздендірудің жолдары» тақырыбында  біліктілік жетілдіру курсы өтті. 

Курсқа қатысушылар Астана медицина университетінің профессоры Мұхамбедия Ахмет-Төренің «Сөз тіркестерін орысшадан қазақшаға аударуда кездесетін ерекшеліктер», аудармашы Зүбайра Камалиқызы Досмағамбетованың «Ісқағаздарын бір тілден екінші тілге аударудың тиімді тәсілдері», педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Хамзаханқызы Шадиеваның «Мемлекеттік тілде іс жүргізудегі емлелік ерекшеліктер», Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Алма Әбдінасырқызы Шоқаеваның

«Мемлекеттік тілде іс жүргізудің негізгі мәселелері» тақырыптарында жүргізген курстарынан мол тәжірибе жинақтап қайтты. Алматы, Астана қалаларынан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан арнайы біліктілікті арттыру үшін келген ісжүргізушілер, аудармашылар қатысып, тәжірибе алмасты.

(245 рет қаралды, бүгін 1 рет)


Ұқсас мақалалар

Астанада математика мен тілді терең меңгеруге арналған мектеп ашылды

Астана қаласында математиканы, ағылшын және қазақ тілдерін тереңдетіп оқытатын «SEED School» атты жаңа мектеп ашылды. Елорда тұрғындарының саны жыл сайын

Жексенбілік мектептердің жоспары жасалды

Этномәдени орталықтар жанынан ашылған тегін тіл үйрету курстары өз жұмысын бастады. Ауқымды шараны қолға алмас бұрын сала мамандары 14 сәуірде

Қазақстанда толыққанды қазақ тіліндегі спорт телеарнасы ашылады

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы, «Сетанта Спорт Еуразия» және «Сетанта Спорт Еуразия плюс» телеарналарының меншік иесі «Eurasian Broadcasting Enterprise Limited»

Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі пікір жоқ! Бірінші болып пікір жазуыңызға болады!

Тек тіркелген пайдаланушылар пікір жазады.